13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда Президент Жолдауы талқыланды

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Кентауда Президент Жолдауы талқыланды
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Жолдауы аясында зейнетақы жүйесін қайта жандандыру мәселесі бойынша қаланың әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауы аясында «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалының мәжіліс залында қаланың әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің қатысуымен зейнетақы жүйесін қайта жандандыру мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді партия филиалының консультанты Бейсен Самбетов жүргізіп отырды. Дөңгелек үстелге Кентау қалалық зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының басшысы Бекжан Жұманазаров және мамандары қатысып отырды.

Дөңгелек үстелде Жодаудың үшінші бағдары: Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция, оның ішіндегі ең маңызды мәселе, Президентіміз — зейнетақы жүйесін де қайта жаңғыртамыз. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегін 120 пайызына жеткізу қажет. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді. Сондай-ақ, әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз — деп атап өкен болатын.

Осы тұрғыда орталық тарапынан атқарылатын қомақты жұмыстар бойынша, орталық басшысы Б.Жұманазаров, жұмыстардың қазіргі таңнан жүргізілуі туралы орталық бас маманы Б.Ақбаева түсіндіріп өтсе, мамандары өз ойларын ортаға салды.

Жиын соңында филиал консультанты Б.Самбетов, осы Жолдауды барлық тұрғындарға, оның ішінде орталыққа келетін қаланың азаматтарына жеткізуді ұсынды.

Еске салсақ, жолдау барысында мемлекет басшысы Еңбек министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобы отырыстарында да бұл мәселе бірнеше рет қарастырылғанымен нақты шешім қабылданбағандығын айтты. Дәл осы мәселеге Президент Жолдауында соңғы нүктені қойды. Сонымен 2028 жылға дейін әйелдер 61 жаста зейнетке шығатын болады. «Әлеуметтің талап-тілегін ескере отырып, әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдырамыз», — деп атап өткен еді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Сондай-ақ зейнетақы жүйесі де қайта жаңғыртылады. Зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесі біртіндеп ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал жоғарғы шегі 120 пайызына жеткізіледі. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл қадам 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақы мөлшерін орташа алғанда 27 пайызға көбейтеді. Мұнан бөлек Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірленеді. Бұл жұмысқа іскерлік абырой-беделі мен кәсіби біліктілігі жоғары мамандары бар жеке компаниялар тартылады.

Previous Post

Кентаудағы 33 аулаға ойын алаңшасы салынады

Next Post

Түркістанда қоғамдық көліктерде кітап оқу насихатталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі