13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Кентаудағы 33 аулаға ойын алаңшасы салынады

7 октября, 2022
in Uncategorized
0
Кентаудағы 33 аулаға ойын алаңшасы салынады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысының жарлығымен қала, аудан әкімдері тұрғындармен тоқсан сайын кездеседі. Осыған орай, қала әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарымен кездесті. Кездесуде тұрғындарды мазалайтын газ мәселесіне тоқталып, бүгінгі таңда әр этап бойынша қала тұрғындарын көгілдір отынға қосу жұмыстарын баяндады.

Сонымен қатар, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына ойын алаңшалар орнатып, жолдарды реттеу шаралары келесі жылы қаржының бөлінуіне қарай жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Жалпы, қаладағы 33 аулаға орнату көзделген.

Кездесуге келген тұрғындар бірқатар мәселерді көтерді. Атап айтқанда, көше жолдарын асфальттау, жарық орнату, су мәселесі, үйлерді газға қосу, жылу мәселесі секілді коммуналдық салаға қатысты және әлеуметтік мәселелер айтылды.

Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, сала және мекеме басшылары қатысты. Кездесуде көтерілген әрбір тұрғынның сауалына қала басшысы жеке-жеке тоқталып, заң аясында жауап берді. Әрбір ұсыныс назарға алынып, оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

«Сіздер көтерген мәселе бүгін ғана туындаған емес. Сондықтан, мұның барлығы бір күнде шешіліп кетпейді. Біржарым айдан бері қаладағы әр көшені аралап тұрғындарды толғандырған мәселелермен танысып келемін. Бар күш жігеріммен xалыққа қызмет етуге әзірмін. Сондықтан сіздерден сабырлы болуды сұраймын», — деген қала басшысы тұрғындарды бірлікке шақырып, қаланы бірге көркейтуге үндеді.

Айта кетсек, Кентау қаласында аулалар абаттандырылып, алаңшалар салынып жатыр. Бұл шаһар жыл санап көркейіп келеді. Көшелер жөнделіп, шағынаудандардың жолдары тегістеліп жатыр. Алдағы уақытта кенді шаһардың барлық аулалары ойын алаңшаларымен қамтылатын болды. Жалпы алдағы уақытта қаладағы барлық аулаға жаңа спорт және балалар ойын алаңшасын салу көзделген. Ойын алаңшаларымен қатар ауланы абаттандыру жұмыстары да жүргізіледі. Көпқабатты үйлердің маңы асфальтанып, көлік қоятын тұрақтары да іске қосылады. Сондай-ақ тұрғындардың еркін демалуы үшін бастырма, жаңа орындықтар мен спортпен шұғылдану құрал-жабдықтары қоса орнатылады.

Previous Post

Отырар: Аудан әкімі Балтакөл, Маяқұм халқымен жүздесті

Next Post

Кентауда Президент Жолдауы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі