13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда қоғамдық көліктерде кітап оқу насихатталады

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда қоғамдық көліктерде кітап оқу насихатталады
Share on FacebookShare on Twitter

3-7 қазан аралығында Түркістан облыстық «Farab» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «FarUp zhastar» жобасы аясында «ZhasTimes – біз бастаймыз» апталығы өтті.

Апталық аясында кітапхана жастары түрлі бағытта бірнеше шара өткізді. Атап айтсақ, «Денсаулық – active life» тақырыбында кітапхана қызметкерлері бой сергіту мақсатында оқырмандармен бірге дене жаттығуларын жасап, зор серпін сыйлады. Бұл арқылы кітапханаға оқырмандарды тарту жұмысы да орындалды. Ал «Адалдық – ардың ісі» атты жәрмеңке өздері дайындаған тәттілерді қолжетімді бағада сатып, түскен қаржыны «Жақсылық жасауға асық» жәшігіне салып отырды. Осылайша қайырымдылық шарасы да іске асты. Соныман қатар, «Айналаңды гүлдендір» бағыты бойынша кітапхана қызметкерлері бірлесіп бөлме гүлін отырғызды. Осылайша білім алушылар мен оқырмандар үшін таза тынысты әсем жағдай жасауға ат салысты. Бұл жоба алдағы уақытта да жалғасын табады деп күтілуде.

Ал «BusTimes» бағыты бойынша кітапхана жастары қоғамдық көліктегі жолаушыларға (қала тұрғындары) жаңа технологиялы руханият ордасының мүмкіндіктерін айтып, кітап оқуға шақырды. «Көмекке дайын жастар» бағытында кітапхана жастары қаланың тазалығы мен көркеюіне аянбай еңбек етіп жүрген «Жасыл ел» ұжымына барды. Олардың тазалық жұмыстарына көмек көрсетіп, жастар атынан жылы шәйларын ұсынды.

«Жүректен – жүрекке» атты аталмыш апталықтың қорытынды кешінде «Жақсылық жасауға асық» жәшігі мен «Адалдық – ардың ісі» шарасында жастардың тәттілер сатып жинаған қаражаттары және кітапхана басшылығы мен ұжымдастардың қолдауы – төрт баланы жалғыз өсіріп отырған Наргиз есімді жанға ақшалай қаражат табысталды.

Кеш барысында кітапхана қызметкерлері ән шырқап, балалардың көңілін көтерді. Сондай-ақ бүлдіршіндерге мультфильм көрсетіліп, тәттілер үйлестірілді.

Previous Post

Кентауда Президент Жолдауы талқыланды

Next Post

Дархан Сатыбалды: «Ауыл шаруашылығы саласын Келес ауданының брендіне айналдыруға болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі