13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: «Қайырымдылық керуені» V республикалық байқауы басталды

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: «Қайырымдылық керуені» V республикалық байқауы басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін өткен брифингте Түркістан облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы «Жас қанаттар» көшбасшысы Насиба Атаева айтты.
– Елімізде «Қайырымдылық керуені» V республикалық байқауы басталды. Бесінші рет өткізіліп отырған байқаудың мақсаты – игі іс жасайтын, көмекке қол ұшын созатын жандарды анықтау және мейірімділік, гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайту. Байқау жыл сайын Қазақстанның дамуына үлес қосқан батыл, қамқор жандарды, меценаттар мен нағыз патриоттарды анықтайды. Өтінімдер осы жылдың 30 желтоқсанына дейін қабылданады, — деді Насиба Сабыржанқызы.
Спикердің сөзінше, оған кәсіпкерлік субъектілері, қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) байланысты адамдар қатыса алмайды.
Сонымен қатар, лауреаттар мына номинациялар бойынша анықталады:
— «Асар» номинациясы халықтық салт-дәстүрді сақтауға бағытталған қайырымдылық қызметті атқаратын жандарға;
— «Туған жер» номинациясы білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салаларда туған өлкесіне қайырымдылық көрсеткен лауреатқа;
— «Батыл жүрек» номинациясы ерлік пен қайсарлық танытқан адамдарға, яғни шұғыл қызмет (ТЖ, ІІМ, Жедел жәрдем және т.б.) мамандарының арасындағы ең үздіктерге қосымша жеңімпаз атағы берілуі мүмкін;
— «Мейірім жолында» номинациясы белгілі бір уақыт аралығында тұрақты түрде өтеусіз көмек көрсеткен адамдарға;
— «Қайырымдылық тарихы» номинациясы қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін журналистке немесе шығармашылық ұжымға;
— «Бала жүрегі» номинациясы төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен батырлығы және қайырымдылық іске қатысқаны үшін 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге;
— «Жануарға мейірім» номинациясы жануарларды қорғайтын, оларды асырауға көмектесетін және жануарлар әлеміне қатысты мейірімділік пен қайырымдылықты насихаттайтын лауреатқа беріледі.
Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша өтінімдер Түркістан облысы іскер әйелдер қауымдастығының кеңсесі және adg.turkestan@mail.ru электронды поштасы арқылы қабылданады. Қосымша сұрақтар бойынша +7 (775) 311-99-90 нөміріне хабарласуға болады.

Previous Post

Түркістан: Келестегі кәсіпорында жылыжай шаруашылығына қажетті заттар шығарылады

Next Post

Түркістан: Сарыағашта заманауи спорт алаңшасы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі