13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сарыағашта заманауи спорт алаңшасы ашылды

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сарыағашта заманауи спорт алаңшасы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданына қарасты Дарбаза ауылдық округінде спорттық нысандардың санын арттырып, жастарды спортқа баулу мақсатында заманауи спорт алаңшасы бой көтерді.
Аудан әкімі Мұхит Отаршиев спорт алаңшасының ашылу салтанатына қатысып, ізгі лебізін білдірді.
— Бұл — мемлекетіміздің ел келешегін, ұрпақ болашағын қамдастырып отырған салиқалы саясатының жарқын көрінісі. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын. Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын! – деді аудан басшысы.
Айта кетсек, аталған спорт алаңшасы аудандық бюджет есебінен салынды. Жалпы ауданы 0,30 гектарды құрайтын спорт алаңшасында футбол алаңы, автотұрақ, сонымен қатар Workout-пен (жаттығу алаңшасымен) жабдықталған. Мұнда жақын маңда тұратын балалар волейбол, футболдан жарысып, қосымша спорт түрлерімен де айналыса алады.
Еске салсақ, осыған дейін Сарыағаш қаласында заманауи спорт кешені ашылған еді. Заман талабына сай салынған кешен қажетті құрал- жабдықтармен жасақталған. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту бағытында берген тапсырмасы Сарыағаш ауданында тиянақты орындалуда. Бүгінде спортшылар спорттың жеті түрімен бос уақыттарында шұғылдануда. Атап айтқанда футбол, бокс, дзюдо, шахмат, күрес, жүзу. Сондай-ақ, ауыр атлетикамен айналысуға да мүмкіндіктері бар.
«Денсаулық кілті – дене шынықтыру. Қайталап айтамын: бұқаралық спортқа, балалар спортына барлық жағдайды жасау қажет. Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымының кезең-кезеңімен құрылуын қамтамасыз етуі керек», – деді Президент. Иә, бүгінде Сарыағашта бұқаралық спорттың дамуына ерекше көңіл бөлініп отыр. Ауданда тұрғындардың саламатты өмір салтын ұстауына толық жағдай жасалған.

Previous Post

Түркістан: «Қайырымдылық керуені» V республикалық байқауы басталды

Next Post

Түркістан: Облыс әкімі Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі