13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Келестегі кәсіпорында жылыжай шаруашылығына қажетті заттар шығарылады

7 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Келестегі кәсіпорында жылыжай шаруашылығына қажетті заттар шығарылады
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде жылыжай шаруашылығы дамып келеді. Тағы бір қуанышты жаңалық, жылыжай шаруашылығына қажетті заттар Түркістан облысында шығарылады. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапарында сол кәсіпорынға барып, жай-күйімен танысты.
Келес ауданы, Ораз ата елді елді мекенінде орналасқан «Келес Пласт» ЖШС қайта өңдеу цехында пленка, пресс жіп, жылыжайға арналған қысқыш, көшет өсіруге арналған стакан өнімдері шығарылады. Жергілікті тұрғын Нұржан Умаров жетекшілік жасайтын кәсіпорында жылыжай шаурашылығына қажетті заттар шығарылып, шаруалар арасында сұранысқа ие болып отыр.
Жобаның жалпы құны – 150 млн. теңге. Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 127 млн. теңге жұмсаса, ал несие қаражаты есебінен 23 млн. теңге алып, жобаны жүзеге асырған. Кәсіпорын 2018 жылы қолданысқа берілген. Өңір басшысы кәсіпкердің қадамын жоғары бағалап, отандық өнімдерді көбейту – уақыт талабы екенін жеткізді.
Облыс басшысы Дархан Сатыбалды Біртілек ауылдық округі аумағында орналасқан «Оразов Ермахан» шаруа қожалығында да болды. Ашық егістік жерден жылына 2-3 рет көкөніс өсіретін және жылыжай шаруашылығымен де айналысатын шаруа қожалығының басшысы Сейдахмет Бижігітов 6 гектар аумаққа қырыққабат, дәндік жүгері, жоңышқа, қияр сынды өнімдерді өсіріпты. Сонымен қатар шаруа қожалық басшысы 4 адамды жұмыспен қамтып отыр. Жобаның жалпы құны – 9 млн. теңгені құрап отыр. Айтуынша, бір жылда 820 тонна көкөніс өсіріледі. Кәсіпорын мен шаруа қожалығында кәсіпкерлермен, диқандармен кездескен Дархан Сатыбалды ауыл шаруашылығын қолдау, осы бағыттағы жобаларды көбейту жұмыс жалғасатынын айтты. Сондай-ақ өңір басшысы кәсіпкерлердің өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.

Previous Post

Түркістан облысының әкімі ауыл-аймақтарды дамытуға басымдық берілетінін айтты

Next Post

Түркістан: «Қайырымдылық керуені» V республикалық байқауы басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі