13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Қазыбек би оқулары» байқауы өтті

6 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Қазыбек би оқулары» байқауы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында тұңғыш рет қалалық “Қазыбек би оқулары” байқауы өтті. Қаз дауысты Қазыбек Келдібекұлының 355 жылдығына орай ұйымдастырылған сайыс үш кезеңнен тұрды. Байқауға “Қазыбек би қорының” төрағасы Пернетай Досыбеков арнайы қатысып, барлық үміткерлерге сәттілік тіледі. 1-кезең бойынша оқушылар эссе жазса, екінші кезеңде қылқаламды сөйлетуге тырысып бақты. Ал, үшінші кезең бойынша өнерлі шәкірттер би-шешендердің қанатты сөздерін образды түрде көркем сөз оқу арқылы жеткізу үшін бар өнерлерін ортаға салды. Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Тоғжан Кенжебаеваның айтуынша, байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізу жоспарға енгізілген.
Айта кетсек, ғалымдардың пікірінше, Қаздауысты Қазыбек би өз заманында бірнеше ханға кеңесші болған. Тәуке ханның жеті жарғысын жазуға атсалысқан. 14 жасында қалмақ қонтайшысын сөзден жеңіп, қазақтың қаншама ұл-қызын тұтқыннан алып шыққандығы да бүгінде аңыз болып қалды. Сонымен қатар, бидің аталы сөздері кейінгі ұрпаққа өнеге болып келеді. Бабамыздың ескерткіші туған жерінде, Қарағандыда бар.
Қазақ арасындағы әртүрлі әңгімелерде Қазыбек алғашқы елшілікке 13-14 жасында барған екен деген сөз бар. Шын мәнінде қызы Маңқанның жоқтауында көр­сетілгендей он сегіз жасында барған. Со­нымен бірге, Қазыбек әкесі Келдібектің жа­нында әз Тәуке хан ордасында жүріп дипломатиялық жұмыстарға дайындалған деуге болады.
Қазыбек бидің айтқан шешендік сөздері ғана емес, қайраткерлігі мен атқарған биліктері еліміздің заңдық, экономикалық, рухани дамуына да ықпал жасаған. Елбасының өзі де билердің көреген істерін мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарға пайдаланатынын атап өткен болатын. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл байқау жобалардың бастамасы ғана. Мемлекетіміздің қатыптасуының басында тұрған бабамызға арналған республикалық, облыстық, аудандық деңгейде өткізілетін түрлі шаралар алдағы кезеңде де жоспарланған.
Сайыс қорытындысында шешендік сөздерді мәнерлеп оқу, сурет салу, эссе жазу кезеңдері бойынша №14 Қазыбек би ЖОМ, №1 А.Байтұрсынов және №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицейінің, №18Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары жүлделі орындарды иеленді.

Previous Post

САЙРАМ: Мерекеде ұстаздар ұлықталды

Next Post

Түркістандық оқушылар «ЖҰЛДЫЗАЙ-2022» ұлттық инклюзивті ойындарынан жеңіспен оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі