Алматы қаласында «Жұлдызай-2022» Ұлттық инклюзивті ойындары-ерекше қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктері бар балалар арасында өткізілген спроттық жарысқа Түркістан қаласының «Тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп—интернаты» КММ оқушылары қатысып, жүлделі орын алып қайтты.
Қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктері бар балалар арасында өтетін спротық жарысқа аталған мектептен 11 оқушы қатысқан. Олар тартысты сайыста футбол және жеңіл атлетика спорттық сайыстарынан бақ сынап жүлдері орындарға ие болды.
Олар: Жеңіл атлетикадан, Солиев Шахрух 1 орын, Жармахан Балнұр 1 орын, Жармахан Балнұр 3 орын, Амиркул Айсауле 3 орын, Кадыров Дінмұхаммед 2,3 орын иегерлері болды. Сонымен қатар, «Тұран» футбол командасы жүлделі 2 орын иегері атанды.
Жарыс Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт Сарайында және Орталық стадионда өтті, ойындар балалар жылына арналған. «Жұлдыз» ойындарына 10-18 жас аралығындағы әртүрлі мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысты. Жарыс спорттың 6 түрінен өтті: шағын футбол, «бес тас» және «асық ату» үстел ойындары.
Аталған жарыстарға біздің мектептің оқушысы Құрманбекова Карина «бес тас»түрі бойынша қатысты. Айта кетсек, биылдан бастап «Жұлдызай» ұлттық инклюзивті ойындарына айналған «Жұлдызай» спартакиадасы еліміздегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 10-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысатын жалғыз кәсіби спорттық жарыстар болып табылады. «Жұлдызай» корпоративтік қоры көп жылдар бойы ерекше балалардың өмірін жақсартуға, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық, спорттық, медициналық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды спортқа тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға интеграциялау, инклюзивті спортты дамыту үшін спорттық инфрақұрылымды құру және нығайту біздің жастар үшін инклюзивті ойындарды өткізудің негізгі мақсаттары болып табылады.
Жоба мүмкіндігі шектеулі балалардың жарысу әрекеттері арқылы спроттық шеберлігін дамытуға арналған бірегей спорт алаңын одан әрі дамытуға бағытталған.