13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

САЙРАМ: Мерекеде ұстаздар ұлықталды

6 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
САЙРАМ: Мерекеде ұстаздар ұлықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сайрам ауданындағы Қ.Жандарбеков атындағы аудандық Мәдениет үйінде ұстаздар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынды аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков ашып, білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, аудан прокуроры Даулет Тлемисов қатысып, «Оқушылар үйі» үйірмесіндегі балалардың сурет салу өнерімен танысты.

Іс-шара шымылдығы №1 Сайрам саз балалар мектебінің орындауындағы «Ұстазым» әнімен ашылды.  Мерекелік шарада түрлі деңгейде марапаттар ұйымдастырылып, бірқатар білім қызметкерлері марапатталды.Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Құрмет грамотасымен аудандағы Оқушылар үйінің директоры В.Якупова, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Алғыс хатымен №14 Сапарбаев атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі П.Лапаева және Далабазар жалпы орта мектебінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Т.Юлдашевтер марапатталды.

Одан бөлек, Түркістан облысының іскер әйелдер кеңесінің төсбелгісі ардагер ұстаз, «Нұрбала» және «Димаш», «Раушан ана» бөбекжайларының құрылтайшысы Р.Ерназароваға табыс етілді. Сондай-ақ, бірнеше мектептің пән мұғалімдеріне аудан әкімінің алғыс хаттары табысталды. Келесі кезекте аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қайрат Арап ізгі тілегін жеткізді.
Марапаттау рәсімі жалғасып, республикалық «Үздік педагог — 2022» конкурсының аудандық кезеңінің жеңімпаз мұғалімдері дипломдарға ие болды. Аудан прокуроры және М.Мақатаев атындағы жалпы орта мектебінің жас ұстазы С.Запороженко ыстық ықыласын жолдады.

Іс-шара концерттік бағдарламаға ұласып, білім саласының ардагерлеріне сый-сияпаттар мен құрмет көрсетілді.

Previous Post

Түркістан облысында "Кітапханаға кітап сыйла!" айлық акциясы жалғасуда

Next Post

Түркістанда "Қазыбек би оқулары" байқауы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі