13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында «Кітапханаға кітап сыйла!» айлық акциясы жалғасуда

6 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында «Кітапханаға кітап сыйла!» айлық акциясы жалғасуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Шардара» мектеп-лицейінде «Балалар жылы» аясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап қорын жинақтап, заманауи басылымдармен толықтыру мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты айлық акциясы жалғасуда.

«Сіз кітапханаға кітап сыйласаңыз, жақсы ісіңіз өзіңізге оралады» деген мектеп директоры Жанат Әуелтайұлы аталған акцияға қатысып, қазақ халқының даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының «Баукеңнің шарапаттары» қанатты сөздері туралы ой-толғау кітабын сыйлады. Сала жауаптылары акцияға жалпы, білім саласының қызметкерлерін, мектеп түлектері мен ата-аналарды кітап сыйлауға шақырады.

Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кітап оқу мен кітапханаларды қолдау қоғам дамуының басты міндеттерінің бірі екенін айрықша атап айтқаны баршамызға белгілі. Мемлекет басшысының осы бағыттағы тапсырмасына сәйкес «Кітап оқитын мектеп – оқитын ұлт» жаңа жобасы қолға алынып, іске асырыла бастады. Бұл рухани акциянға үн қосу шеңберінде өңірде«Кітапханаға кітап сыйла» шарасы ұйымдастырылуда. Бағалы бастама басқа да жанашыр жандардың тарапынан кеңінен қолдауға ие болуда.

Алдағы уақытта оқушыларға бос уақыттарын тиімді пайдаланып, үнемі іздену арқылы тұлғалық болмысын дамыту үшін жаңаша жетістіктерге жетелейтін көркем әдебиеттер мен ғылыми әрі танымдық кітаптарды жиі оқуды тұрақты дәстүрге айналдырса уақыттың үдерісінен табылары даусыз. Бұл – қазіргі кездің ең басты да талабы.

Айта кетсек, 2000 жылдан бастап жарық көрген, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі: ғылыми, тарихи, көркем және балалар әдебиеті тақырыбындағы заманауи әдебиеттер қабылданады.

Previous Post

Түркістан: «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Президент жолдауы талқыланды

Next Post

САЙРАМ: Мерекеде ұстаздар ұлықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі