13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарнақ ауылында үстел теннисінен сайыс өтті

6 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Қарнақ ауылында үстел теннисінен сайыс өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында мектеп оқушылары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында достық қарым қатынасты нығайту мақсатында үстел теннисі жарысы ұйымдастырылды.

Жарысқа 4 команда қатысты.Тек қана рухы мықты, дені сау халық үлкен жетістікке жетеді. Сондықтан болашақта үлкен маман иесі болуы үшін, алдарына мақсат-­мүдде қойып, ел тұғырының биіктігін сақтайтын ұрпақ тәрбиелеу біздің қолымызда,­ — дейді шара ұйымдастырушылары.

Спортшылар арасында ойын қыза түсті. Жас спортшылар өздеріне тән стилді қалыптастырып үлгеріпті. Десек те, әркімнің оң жамбасына келе бермейтін, өзіндік ерекшелігі бар спорт түрінің көпшілік арасында кең тарай қоймағандығы бұл жерде де байқалды. Таңертеңнен басталған жарыс түске қарай қыза түсті. Көпшілік нағыз шебер ойын өрнегіне куә болды. Үстелдің қос қапталындағы шекараларына шар түсірмей қарсыласының осал тұсын аңдып, теннис добын нысанаға түсіріп, көп ұпай жинағандардың бағы жанды. Спорттық дода нәтижесінде 1-орынды «Қарнақ» ЖОМ, 2-орынды М.Қашғари атындағы жаратылыстану бағытындағы мектеп- лицейі, 3- орынды «Шаштөбе» ЖОМ оқушылары иеленді.
Жарыс нәтижесінде жеңіске жеткен командалар мен үздік ойыншылар тиісті дәрежедегі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігі бәріміз мәлім. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болатыны белгілі. Ата — бабамыз “тәні саудың – жаны сау” — деп бекер айтпаған. Ұлы ойшыл Ибн Сина: «Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керек» деген болатын.

Айта өтсек, қазіргі таңда үстел теннисі елімізде өте кең тараған ойындардың қатарына еніп отыр. Спорттық және қозғалыс ойындары ретінде материалдық шығынды, жаттығу кезінде және спорттық жарыстарда аса көп орынды да талап етпейді. Сонымен қатар ойын кезінде жоғары қозғалыс белсенділігімен ерекшелене отырып, адамның бойына жылдамдық, шапшаңдық пен ептілік, қимылды дұрыс басқарушылық, зейінділігін арттыру, көзбен мөлшерлеу, тез шешім қабылдап, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады.

Previous Post

КЕНТАУ: Университет ұжымымен жолдауға байланысты кездесу өтті

Next Post

Түркістан: «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында Президент жолдауы талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі