13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

КЕНТАУ: Университет ұжымымен жолдауға байланысты кездесу өтті

6 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
КЕНТАУ: Университет ұжымымен жолдауға байланысты кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында орналасқан Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ Кентау қалалық филиалында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауы аясында кездесу өтті. Кездесуге университет мұғалімдері мен мекеме ұжымы қатысты. Кездесу барысында Жолдауда көтерілген мәселелер талқылана келіп, бірауыздан қолдау тапты. Жолдауда «Елімізде орын алғалы отырған ауқымды саяси өзгерістер ашықтық, әділдік және өзара сенім арқылы жүзеге асуы керек» делінген болатын. Кездесуде көтерілген негізгі мәселелер де осы төңірегінде өрбіді.

Мұнда көтерілген басты мәселелер жаңа президенттік жүйе, Президент, Парламент, Үкімет сияқты саяси институттардың қайта жаңғыруы туралы болды. Аудандық штаб мүшелері бұл саяси өзгерістердің бәрі саяси тұрақтылықты нығайтатындығын айрықша атап өтті.

Жиында Президентті бір мерзімге ғана сайлау нормасының еліміздегі жаңа саяси дәуірдің басталуына ықпал ететіндігі ескерілді. Биылғы Президент сайлауы, келесі жылғы Мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы Үкімет құрамының қайта жасақталып, халық қалаулыларының жаңа легі пайда болуына әкелетіндігі айтылды. Кездесу осы саяси өзгерістер нәтижесінде 2023 жылы негізгі саяси институттардың бәрі қайта жаңарады деген мәнде қорытындыланды.

Жиынға келушілер еліміздегі саяси өзгерістердің жүзеге асуына үлес қосатындығын, соның дәлелі ретінде алдағы сайлау жұмыстарының өз деңгейінде өтуіне атсалысатынын жеткізді.

«Бірінші қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын отбасымызбен қарап отырдық. Менің жеке назарыма іліккен бірнеше сәттер болды. Мемлекет басшысы медицина мәселелері, шаруашылықты дамыту және зейнеткерлік жасты төмендету сияқты барлық маңызды аспектілерді атап өтті», деді жиынға қатысушылар.

Жиын соңында қиын отбасы, көп балалы отбасыдан шыққан, сондай ақ, басқа да студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі қозғалып, бұл бағытта жұмыстар атқарылатыны айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

Previous Post

КЕНТАУ: "Сыбайлас - жемқорлық - қоғам дерті" атты кездесу өтті

Next Post

Қарнақ ауылында үстел теннисінен сайыс өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі