13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Ұлы даланың жеті қыры» фотокөрмесі өтті

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Ұлы даланың жеті қыры» фотокөрмесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда ұйымдастырылған «Ұлы даланың жеті қыры» фотокөрме сайысына 17 аудан, қаладан 50-ден астам фототілші қатысты. Жоба «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде өтті. Аталған фотокөрме Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы мен «Оңтүстік жастары» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен өтті. Рухани құндылығы мол шарада халқымыздың салт-дәстүрі, Түркістан облысының тарихи орындары және мәдени сәулеттік ескерткіштерінен сыр шертетін суреттер қойылып, көрмеге келушілердің жақынырақ танысуына мүмкіндік жасалды. Сайысқа облыс бойынша 17 аудан, қаладан 50-ден астам фототілші қатысып, әрқайсысы өздерінің тақырыпқа сай екі туындысын көпшілік назарына ұсынды. Фотоөнерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған игілікті шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Бахыт Ахымбетов қатысып, өңірімізде суретке түсіру өнерінің дамып келе жатқанын атап өтті.

Көрме барысында көрермендерге сұрақтар қойылып, ұтымды жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табысталды. Өңіріміздің таңдаулы фотографтары Түркістан облысында атқарылып жатқан жұмыстар мен өзгерістерге ризашылықтарын білдірді. Республика бойынша туристік және киелі орындардың көп шоғыры орналасқан Түркістан облысының тарихи ескерткіштері мен орындарын суретке түсіріп, талғамы биік жұртқа жеткізгендерін айтты.

Мазмұнды фотокөрме концерттік бағдарламаға ұласып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен жалғасты. Сайыс қорытындысында Түркістан қаласындағы «Lux media» мекемесінің фототілшісі Оразғали Асан бас жүлдеге лайық деп табылып, 500 000 теңге сыйақыны иеленді. І орынды Созақ ауданынан келген жас ана, әуесқой фототілші Мөлдір Егешова (300 000 теңге), ІІ орынды «Түркістан-медиа» ЖШС-ның фототілшісі Ердәулет Сағындық (200 000 теңге) жеңіп алды. Ал ІІІ орын Созақ ауданынан келген Асылжан Қошқар мен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студенті Аружан Темуроваға бұйырды, олардың әрқайсысына 50 мың теңге көлемінде қаржылай сый-сияпат табыс етілді. Фотокөрме соңында шараға қатысушылар өзара пікір алмасып, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

Previous Post

Түркістан облысында бірыңғай есеп беру күні өтті

Next Post

Отырарда "Еңбек күні" аталып өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі