13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында бірыңғай есеп беру күні өтті

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында бірыңғай есеп беру күні өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңірінде бірыңғай есеп беру күні өтті. Басты мақсат — кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту дейді мамандар. Түркістан облысы әкімдігі және «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырумен бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты — кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту, осы арқылы бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу. Шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Рашид Аюпов қатысты. Іс-шараға облыстық Прокуратура, Мемлекеттік істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен ұйымдардың территориялық департаменттері, Кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысып, саладағы атқарылған жұмыстар бойынша баяндамалар жасады.

Жиын соңында, есеп беру қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау органдарының, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның, прокуратура органдары мен кәсіпкерлер палатасы өкілдерімен келісілген хаттамалық шешім қабылданды.

Аталған іс-шараға аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, прокуратура, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, мемлекеттік кірістер, білім саласындағы бақылау, төтенше жағдайлар, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау,техникалық реттеу және метрология, әділет, экология, геология және табиғи ресурстар, полиция департаменттері, сонымен қатар бірқатар басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысты.

Бұл шара кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бизнес-қауымдастықпен кері байланысын қалыптастыруға көмектеседі. Соңғы жылдары бизнесті қолдау мақсатында көптеген бастамалар іске асырылды. Заңнамалық деңгейде реттеушілік және бақылау-қадағалау тетіктерін жетілдіру бойынша кешенді шаралар қабылданды.

Previous Post

Түркістанда медицина қызметкерлері арасында ашық біріншілік өтті

Next Post

Түркістанда «Ұлы даланың жеті қыры» фотокөрмесі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі