13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда медицина қызметкерлері арасында ашық біріншілік өтті

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда медицина қызметкерлері арасында ашық біріншілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда медицина қызметкерлері арасында волейболдан ашық біріншілік өтті. Жарыс медицина саласы дамуына еңбек сіңірген дәрігер – Жаримбетова Зираш Қазыбекқызын еске алуға арналған.

Сайыста 12 медицина мекемесі өзара бақ сынады. Айта кетейік, аталған шара медицина қызметкерлерінің спортқа қызығушылығын арттыру мен олардың арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану — аурудың алдын алудың бірден бір жолы дейді қызметкерлер. Таңғы сағат 9 дан бастап, сала мамандары өзара мықтыны анықтауға кірісті. Ойын олимпиадалық режимде ұйымдастырылуда. Жеңіске жеткендер диплом сыйлықтармен марапатталады.

Айта кетейік, спартакиаданың мақсаты – жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау, медицина мекемелері мен қызметкерлері арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, спорттық сайысқа қызығушылық танытқан ақхалаттылар саны жыл санап артып келеді. Мұндай додаларды жыл сайын өткізіп тұру жоспарланып отыр.
«Спортпен шұғылданып, осы арқылы біздер өзіміді үлгі ретінде көрсетудеміз. Әрбір адам күнделікті дене шынықтыру керек. Осындай спорттық шаралар ұйымдастырып үлесімізді қосудамыз», — дейді сайысқа қатысқан медицина қызметкерлері.

Ендеше, жарыс нәтижесінде командалық есеп бойынша Түркістан облыстық «Жедел жәрдем» қызметі 1 орынға ие болды. Олар тартысты ойын көрсете білді. Осылайша өз командасына ұпай жинап қарсыластарынан оза шапты. Ал Халықаралық Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің емханасы жүлделі 2 орыннан көрініп отыр. Төрешілер барлық қатысушылардың додаға барын салғанын айтады. Сайыс қорытындысына сәйкес, жүлделі 3 орынды Түркістан қалалық емханасы иеленді. Жеңімпаздар арнайы марапатқа ие болды.

Previous Post

Түркістанда «Табаррук-Зиярат» жобасы аясында форум өтіп жатыр

Next Post

Түркістан облысында бірыңғай есеп беру күні өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі