13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Табаррук-Зиярат» жобасы аясында форум өтіп жатыр

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Табаррук-Зиярат» жобасы аясында форум өтіп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркі мемлекеттер ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Асимовпен және хатшылықтың жобалық директорларымен кездесті.
Олар Түркістанда өтетін «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форумға қатысу үшін арнайы келген. Пилоттық жоба – екіжақты ынтымастықты нығайтып, туризм саласын дамытуға, туристер ағынын арттыруға бағыттылған. Форум – жобаны жүзеге асыруда туындайтын мәселелерді талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтың қатысуымен ұйымдастырылып отыр.

Ал мәртебелі меймандар Түркістан қаласында ұйымдастырылған «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форум жұмысына қатысу үшін арнайы келген. «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасы екіжақты ынтымастықты нығайтып, туризм саласын дамытуға, туристтер ағынын арттыруға бағыттылған. Өз кезегінде, аталған жоба екі елдің сонымен қатар, шекара маңындағы өңірлердің экономикалық дамуына оң серпін береді.

Айта кетейік, туризмді дамыту мақсатында ағымдағы жылы Әзірбайжанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің туризм министрлерінің 7-ші отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша Түркі мемлекеттері ұйымы хатшылығының, Қазақстан мен Өзбекстан делегацияларының қатысуымен «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын әзірлеу бойынша үшжақты кездесу өткізу келісілді. Жобаны іске асыру мәселелерін одан әрі пысықтау үшін ағымдағы жылдың 19 қыркүйегінде Қазақстан мен Өзбекстанның мүдделі мемлекеттік органдары мен ұйымдарының, ТМҰ хатшылығының қатысуымен онлайн кеңес өткізілген. Өз кезегінде, Кеңес қорытындысы бойынша «Табаррук-Зиярат» пилоттық жобасын іске асыру жөніндегі форум» шеңберінде жобаны іске асыру мәселелерін одан әрі талқылау туралы шешім қабылданды. Келісімге сәйкес пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша мәселелерді талқылау мақсатында мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес қауымдастықтың қатысуымен форум ағымдағы жылдың 3-4 қазан аралығында ұйымдастырылып отыр.

Сонымен қатар, іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымының өкілдері, Қазақстан және Өзбекстан Республикасының туризм министрлігі, кеден және шекера, ішкі істер қызметі мен туристік қауымдастық өкілдері қатысты.

Previous Post

Төлеби ауданына-90 жыл: Ардагерлер үйі мен спорт кешені халықтың тартуы

Next Post

Түркістанда медицина қызметкерлері арасында ашық біріншілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі