13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданына-90 жыл: Ардагерлер үйі мен спорт кешені халықтың тартуы

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Төлеби ауданына-90 жыл: Ардагерлер үйі мен спорт кешені халықтың тартуы
Share on FacebookShare on Twitter

1932 жылы құрылған Төлеби ауданы биыл 90 жылдық мерейтойын атап өтеді. Мерекені аудан халқы толағай жетістіктермен қарсы алып отыр. Атаулы датаны жоғары деңгейде өткізу мақсатында жоспар түзіліп жұмыстар кестеге сәйкес атқарылып жатыр.

Төлеби ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында Орталық саябақта жаңа үлгідегі ардагерлер үйі пайдалануға тапсырылмақ. Қазіргі таңда ғимараттың ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл мерейтойға орай іске асатын жалғыз жоба емес.

Мамандардың сөзіне сенсек, бұл нысанға аудан бюджетінен бірде бір тиын жұмсалмапты. Кәсіпкерлер ақсақалдар өздері бірлесіп осындай тарту жасауда. Ғимараттың ішінде 40-50 орындық қымызхана, одан бөлек шахмат ойнайтын орын да болады. Ал әжелерге керемет жабдығымен асхана да бар екн. Ауданның мерейтойына тағы бір тарту- ол спорт кешені болып отыр. Бұл әлеуметтік нысан асар тәсілімен бой көтеруде,- дейді мамандар.

Спорт ғимаратында өлшемі 30*13, ал биіктігі 6 метр күреске арналған залда екі татами дайындалуда. Айта кететін жәйт, бұл нысанның жылу жүйесін де жомарт азаматтар өз есебінен қаржыландырып жасатып берген. Негізгі бөлмеден басқа мұнда киінетін орындар, спортшылар жуынатын орын да қарастырылған. Болашақ чемпиондарға жатақхана да салынады деп жоспарлануда.

Бұдан бөлек, спорт алаңшасы да жаңадан бой көтереді деген жоспар бар. Мұндағы спорттық элементтер, тренажарлардың кепілдік мерзімі де 5 жылға дейін беріліп отыр. Айта кетейік, ауданда бұдан өзге абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстары да қолға алынған. Ал Ленгір-Көксәйек бағытындағы айналма жолды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауданның 90 жылдық мерейтойына орай алда өтетін іс шара легі де көп дейді сала жауаптылары. Қуантарлығы айтулы датаға кәсіпкерлер мен халық бірігіп ат салысып жаты.

Previous Post

Жалғызілікті қарияларға арнап мерекелік кеш өтті

Next Post

Түркістанда «Табаррук-Зиярат» жобасы аясында форум өтіп жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі