13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жалғызілікті қарияларға арнап мерекелік кеш өтті

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Жалғызілікті қарияларға арнап мерекелік кеш өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Халықаралық қарттар күніне орай Түркістан облысына қарасты №2 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында мерекелік іс-шара өтті. Орталық тұрғындарына әр ауданнан арнайы сыйлықтар табыс етіліп, өнерпаздар ән-мен жырдан шашу шашты.

Жасы 70-тен асқан Зәуре Есенбекованың қарттар үйін паналағанына 10 жылдан асқан. Оның 2 некесінен де бала болмапты. Ал 1 анадан туған бауырлары дүние салған көрінеді. Сөзінше екінші күйеуінің балалары қабылдамай, ұрыс шыға берген соң осында келуге мәжбүр болған.

Түркістан облысына қарасты номері екінші арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тұрғындары таң атқаннан бастап әдемі киімін киіп, медаль-ордендерін тағынып, мерекеге дайындалған. Ал қариялардың көңілін көтеру үшін әр аудан әкімдігі құттықтап келіп, сыйлықтарын тарту етті.
Бұл орталықта 167 қызмет алушы бар. Оның 116-сы ер адам болса, 51-і әйел. Оларға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Алайда орталық директоры қазыналы қариялардың өз отбасыларында отырғаны қандай ғанибет еді деген ойын жеткізді.

1 қазан – Халық­аралық қарттар күні. Осы күн Бірік­­кен Ұлттар Ұйымы Бас­­ Ассамблея­сының 1990 жыл­ғы қаулысымен арнайы белгіленген бола­тын. Со­дан бері мереке елімізде кеңінен ат­алып өтіліп кел­еді. Негізі­нен бұл күн – аға­ ұрпақтың қоғам өмір­­і­не қосқан үлесіне шынайы ризашылық біл­діретін және қам­қор­лық­ көрсететін ерекше­ мейірімге толы күн. Бола­шақ жастар мен орта буын өкілінің қазыналы қарттардан алар тағылымы мол. Аудандағы зейнеткерлерге, жалғызбасты жандарға, мүгедек­терге, қамқорлық пен күтiмдi қажет ететiн азаматтарға жылдағы бағыт бойынша ерекше көңiл бөліп келеді. Осы ретте, үлкенге құрмет көрсетуде шиеліліктер салтынан жаңылған емес.

Айта өтсек, мекемеде қарттарға 3 медициналық пост, неврологиялық, терапия бөлімдері жұмыс істейді. Массаж жасайтын кабинеттер де бар. Қарттар үшін барлық жағдай жасалған.
Мерекеге орай жыл бойы қарттар үйіне қайырымдылық жасап, газ кіргізіп, көмек көрсеткен жандарды арнайы шақырып, мақтау қағаздары табыс етілді. Ал қалалық мәдениет үйі қызметкерлері сыйлық алып келіп, мереке иелерін құттықтады. Шара барысында Мәдениет үйінің өнердаздары арнайы бағдарламасын дайындап, ән-мен биден шашу шашты.

Previous Post

Шетел азаматтары шымкенттік ХҚО-ға кезекті онлайн брондай алады

Next Post

Төлеби ауданына-90 жыл: Ардагерлер үйі мен спорт кешені халықтың тартуы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі