13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Отырарда «Еңбек күні» аталып өтті

4 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Отырарда «Еңбек күні» аталып өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«Еңбек — ырыстың бұлағы, Еңбек — бақыттың шырағы»,Қамбасы астыққа толар берекелі күз айы қыркүйектің соңғы аптасы еңбек күні, барша еңбеккерлер мерекесі!
Отырар ауданы мәдениет және тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің ұйымдастыруымен еңбеккерлер мерекесіне орай іс-шара өткізілді.

Бұл күнді мерекелеудің негізгі мақсаты өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Президенттің Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру жөніндегі идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылады.
Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы және мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Құттыбай Сағынтай Тәтібайұлы еңбеккерлерді мерекелерімен құттықтады. Мереке аясында еңбегі сіңген маман иелері алғыс хатпен марапатталып, оларға арнайы сый-сияпаттар табысталды.

«Өз кәсібінің берекесін көріп, атадан балаға мирас етіп отырған көптеген еңбек әулеттерін облыс қана емес республика көлемінде таныта білдік. Жанын сала еңбек етіп, өзінің табысын маңдай терімен тауып отырған адамды қалайша құрметтемеске?! Ол — құрылысшы не сылақшы бола ма, ол жазушы не өнер адамы бола ма, ол — басшы немесе ұстаз бола ма, маңдай терімен жұмыс істей білуі қажет. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әр сөзінде масылдық пиғылға жол бермеу туралы айтып келеді. Осы тұрғыда, біз үшін маңдай терін төгіп, тәрбиелеп-өсірген ата-анамыздың еңбегін ақтап, ұрпағымызды еңбекке тәрбиелей білсек – туған жеріміздің дамуына қосқан бір үлесіміз болмақ»,дейді шара ұйымдастырушылары.

Мұнан соң салтанатты шара концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздарының әуелете салған әсем әндері жиылған көпшіліктің көңіл-күйін көтеріп тастады.

Previous Post

Түркістанда «Ұлы даланың жеті қыры» фотокөрмесі өтті

Next Post

Түркістанда «Әжелер отбасының берекесі» атты әжелер байқауы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі