13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық ұстаздардың мерейі үстем болды

3 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістандық ұстаздардың мерейі үстем болды
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда ұлағатты ұстаздар ұлықталды. Киелі шаһардағы Оқушылар сарайында «Ұстаз жолы – ұлы жол» тақырыбында Ұстаздар күніне орай мерекелік концерт өтті. Оған Түркістан облысы әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды қатысып, білім саласында аянбай еңбек еткен барша ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Құрметті ұстаздар! Баршаңыздың отбасыларыңызға – амандық, дендеріңізге –саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Мереке құтты болсын! Ұстаз – жай білім беретін мамандық иесі емес. Ол – екінші ата-ана, тәрбиенің де қайнар көзі. Бәріміз де ұстаздарға қарыздармыз. Сондықтан ұлағатты ұстаздардың алдында барлық адам құрметпен бас иеді», – деген Дархан Сатыбалды білім саласында жеткен жетістіктермен де бөлісіп, елеулі еңбектің бәрі ұстаздардың қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті.

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша республикадағы 7500 мектептің «100 үздік мектебі» тізіміне Түркістан облысының 11 мектебі енді. Оқушыларымыз 6 халықаралық, 24 республикалық білім сайыстарына қатысты. Додалардан 25 алтын, 32 күміс, 64 қола медаль иеленді. Республикалық «Ұлттық мектеп лигасы» жарысы да табысты өтті. Түркістан облысының оқушылары 11 алтын, 9 күміс, 7 қола медалға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте I орынға ие болды. Бұл – үлкен мақтаныш. Осы деректерге тоқталған өңір басшысы республикалық, облыстық олимпиада және спорт жарыстарының жеңімпаздарын дайындаған 20 мұғалімге өз атынан марапат ұсынып, арнайы сыйлықтар табыстады.

Мерекелік іс-шара «Ұлы ұстаз – Әл-Фараби» сахналық қойылымымен жалғасып, ардагер ұстаздарға да құрмет көрсетілді. Олардың арасында Дархан Сатыбалдыға білім берген 2 ардагер ұстаз да арнайы қатысып, ізбасар әріптестерін құттықтады.

Әуезді әндер шырқалып, мың бұралған бишілердің өнері дүйім жұртқа ерекше көңіл-күй сыйлады. Түркістан облысында жалпы 983 (оның ішінде 75 жекеменшік) мектеп бар. Соңғы жылдары 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал қазір 59 мектеп салынып жатыр. Сонымен бірге ұстаздардың біліктілігін көтеру жұмыстары да жалғасады.

Previous Post

Түркістанда «AMANAT AQYLMAN» білім бәйгесі өтті

Next Post

Төлеби ауданының 90 жылдығы: «Этно-Ауыл» пайдалануға беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі