13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «AMANAT AQYLMAN» білім бәйгесі өтті

3 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «AMANAT AQYLMAN» білім бәйгесі өтті
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT AQYLMAN» білім бәйгесі Түркістан қаласында жалғасын тапты. «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалы, «Jastar Ruhy» ЖҚ өңірлік филиалы және облыстық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен өткен интеллектуалды ойынға 17 команда қатысты. Партияның Түркістан қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев ойыншылардың белсенділігіне алғысын жеткізіп, сәттілік тіледі. Зияткерлік сайысқа мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, түрлі сала өкілдері және жас еріктілерден құралған топтар өзара бақ сынасты.

Білім мен шапшаңдықты қатар талап ететін сайысқа Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Нұрсұлтан Үмбетов, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-і басшысының орынбасары Ернар Бектаев және әлеуметтік желі белсендісі Олжас Мамыр әділ төрелік етті.

Жарыс 7 кезеңнен тұрып, әр кезеңде түрлі салаға байланысты сұрақтар қойылды. Атап айтқанда тарих, әдебиет, спорт, ұлттық дәстүрден бастап логикалық тапсымалар ойынды ширата түсті. Білімгерлердің айтуынша, ән жұмбақ сайысы серпіліс берді.

Тартысқа толы өткен зияткерлік ойын қорытындысына сәйкес «Key to life» командасы 3-орынды иеленді. Ал, Назарбаев зияткерлік мектебінің жас ұстаздарынан құралған «Youngstars» командасы 44 ұпаймен 2-орынға жайғасса, 7 кезеңнің нәтижесінде журналистерден құралған «Тұран БАҚ» командасы 45 ұпай жинап, сайыс жеңімпазы атанды. «Youngstars» командасының мүшесі, Назарбаев зияткерлік мектебінің ұстазы Арслан Атабектің айтуынша, командаластары осы бағыттағы додаларға қатысып келеді.

«Ең әуелі, «AMANAT-AQYLMAN» сайысының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің команда өзге де интеллектуалды байқауларға қатысып, мол тәжірибе жинақтауда. Ал, осы жолғы додада жүлделі 2-орыннан көріндік. БАҚ өкілдерінен құралған «Тұран БАҚ» командасы 1 ұпай айырмашылығымен басым түсті. Дегенмен, біздің топ үшін осының өзі жетістік. Өйткені, бұған дейін жүлделі орындарға ие болмаған едік. Келесі бәйгеде жеңістің ең биік тұғырынан көрінуге бар күшімізді саламыз»,-дейді жарыс жүлдегері.

Жеңімпаз атанған топ жыл соңында өтетін ақтық сайысқа жолдама алды. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Previous Post

«Тұран даусы» жобасы: Шетелдік әншілер Түркістанда қазақ тілінде ән шырқайды

Next Post

Түркістандық ұстаздардың мерейі үстем болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі