13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданының 90 жылдығы: «Этно-Ауыл» пайдалануға беріледі

3 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Төлеби ауданының 90 жылдығы: «Этно-Ауыл» пайдалануға беріледі
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданының 90 жылдығына орай Леңгір қаласындағы 1-ші шағынауданындағы шатқалда «Этно-Ауыл» бой көтерді. Жоба құны 44 млн. теңгені құрайды. Бүгінде құрылыс жұмыстары қарқын алған нысан қазан айының соңына дейін пайдалануға тапсырылады деп күтілуде. Мұнда келушілер өткенге саяхат жасап, көшпендiлердiң рухын сезiнуге таптырмас мүмкiндiк алады.

Этноауыл түрлi бағыттағы бiрнеше секторлардан құралған. Қазақ халқының сүйiктi аңшылық кәсiбi – саятшылық, аңшы құстармен және дала тазыларымен аңға шығуы. Сондай-ақ, бұл жерде құралайды көзге атқан мергендердiң де өнерiн тамашалауға болады. Жоба авторы Нұргелді Қияқовтың сөзінше, алдағы уақытта этно-ауылда мерекелік шаралар өтеді. Сондай-ақ олар ежелден келе жатқан садақ ату орнын жобаға қосуды жөн санаған. Киіз үй, алтыбақан да бар.

Аумағы бірнеше шаршы метрдi құрайтын этноауыл Леңгір қаласы 1-ші шағынауданындағы шатқалда орналасқан. Ұлттың мәдениетi мен өнерiн насихаттау мақсатында құрылған бiрегей орынға келушiлер қазақ халқының бай тарихы, өнерiмен және дәстүрiмен танысып қана қоймай, көшпендiлер өркениетiнiң этномәдени ортасына саяхат жасап, ауылдың күнделiктi тұрмысын тамашалайды.

Сала жауаптылары этноауылға келушілердің, туристердің қызығушылығын арттыру мақсатында кәсіпкерлерге жер телімін ұсынған. Олар өз өнімдерін, қолөнер болсын басқа да тауарларын осында ел назарына ұсына алады. Жоғары жағында Төлеби бабамызға арналған кешен бой көтереді деп күтілуде.

Этноауылдың төңірегіндегі алаңдарда ұлттық тағамдар мен қымыз, шұбат сынды дәстүрлi сусындар ұсынылады. Қолданбалы өнер шеберлерiнің экспозициясына да орын қарастырылған. Осы арқылы қазақ халғының қолөнері де дәріптеледі. Жоспар жүзеге асса, келер жылдың наурызынан бастап ауданның барлық іс шаралары осы этно ауылда өтеді деп көзделуде.

Previous Post

Түркістандық ұстаздардың мерейі үстем болды

Next Post

Жолдауды таныстыру және оны іске асыру шаралары жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі