13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағашта қайырымдылық марафоны өтті

2 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Сарыағашта қайырымдылық марафоны өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш ауданының әкімдігі мен әскери шекара қызметінің ұйытқы болымен әуе қызметіндегі қайтыс болған қызметшілерге арнап «Жүрегіңде жүрсін жақсылық!» атты қайырымдылық марафоны өтті. Марафонды аудан әкімінің орынбасары Нурполат Талипов ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
-Мұндай марафондар аудан аумағында жылда ұйымдастырылады. Әр аудан тұрғыны осындай қайырымдылық марафонына бей жәй қарамай қатысуы көңіл қуантады. Бұл деген тұрғындардың жаны қашанда жақсылыққа ұмтылып тұруының көрінісі. Құрметті марафонға қатысушылар сіздерге қатысқандарыңызға өз алғысымды білдіріп, баршаңызға сәттілік тілеймін,-деп жылы лебізін білдірді.

Айта өтсек, әр жыл сайын әлемде жүгіру марафондары танымал бола бастады. Қатысушылар саны артып, ал жүгіру жарыстарының ауқымы кеңейе түсті. Ұйымдастырушылар үшін кез келген марафонның негізгі міндеті — қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны іс-шара туралы жарқын және жағымды естелік қалдыратын нағыз спорттық мерекеге айналдыру. Сол себепті жүгіру кезінде сізге және өзгелердің мейлінше қауіпсіз түрде қатысуына көмектесіп қана қоймай, процестен жағымды эмоция алуға мүмкіндік беретін бірнеше ереже бар, дейді сала жауаптылары.

Ал ауданда өткен қайырымдылық марафонына 100-ден аса тұрғын қатысты. Жыл сайын өткізілетін шара бұқаралық спорттың дамуына да өз септігін тигізері анық. Бұл жолғы шарада марафоншылар А-15 республикалық маңызы бар тасжолдың Тегісшіл елді мекеніне кіре берісінен бастау алып, елді мекен орталығына дейінгі 5 шақырым қашықтықты жүгіріп өтті.

Бұл жүгіру қайырымдылық шарасы болса да, жарысқа жатады. Сондықтан қатысушылар бір-бірінен озуға тырысты. Мәреге алғашқы болып жеткен марафонға қатысушылар арнайы диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Previous Post

Әділет органдарына 30 жыл!

Next Post

Түркістанда қарияларға арналған арнайы орталық ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі