13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әділет органдарына 30 жыл!

2 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Әділет органдарына 30 жыл!
Share on FacebookShare on Twitter

«Конгресс холл» көпсалалы кешенінде әділет органдарына 30 жыл толуына орай мерекелік шара өтті. Шара шымылдығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен түріліп, облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының мерекелік құттықтауымен жалғасты. Жиында әділет органдарында еңбек етіп жүрген азаматтар марапатталды. Құттықтау сөз алған, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Қалмұханұлы:

-«Еліміздің патриот азаматтарын тәрбиелеп, ынтымақтастықты нығайту жолында әділет органдары қызметкерлерінің алар орны ерекше. Мемлекетіміздің сенімді серігі әрі маңызды буыны ретінде Сіздердің ел ертеңінің жандануына, азаматтардың бостандығына мен заңды мүдделерін қорғауда алар орындарыңыз бөлек. Осындай әділеттіліктің ақ жолында атқарар қызметтеріңізге табыс пен береке тілеймін» деді.
Жиын Қазақстан Республикасы Әділет министрінің мерекелік медальдері мен төсбелгілерін тағумен және облыстық департамент басшысының грамоталарын табыстаумен жалғасты.

Биыл Әділет органдарына 30 жыл толып отыр. Әділет органдары өз құзыреті шегінде мемлекеттің қызметін құқықтарын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың жұмысында заңдылық режиміне қолдау жасайтын, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңдымүдделерін қамтамасыз ететін атқарушы билік органдары болып табылады. Сондай-ақ,мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне заңнаманы жетілдіруге, әділеттілік ұстанымын бекітуге азаматтардың конституциялық құқығын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруға әрдайым белсенді үлесін қосып келеді.

Алғаш рет Әділет органдарының күні 2012 жылы аталып өтті. Латын тілінен аударғанда «юстиция» сөзі әділдік, заңдылық деген мағынаны білдіреді. Әділет органдары – ол Әділет министрлігінің барлық мекемелері мен ведомстволарының жиынтық атауы. Тарихы тереңде жатқан Әділет органы 1919 жылы құрылып, өзі өмір сүрген жүзден аса жыл ішінде ел өмірінде болған аса елеулі тарихи оқиғалардың бел ортасында болып, саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық өмірдегі күрделі өзгерістерге атсалысты.1920 жылы Әділет халық комиссариаты ретінде құрылса, 1946 жылы Әділет министрлігі болып қайта аталды.Жалпылама айтқанда, халыққа заң қызметін ұсынып, азаматтардың бостандықтары мен мүдделерін қорғайтын бірден бір орган.

Айта кетсек, барлығы сексенге жуық әділет органы қызметкері марапатталған жиын соңында концерттік бағдарламаға ұласып, қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Previous Post

Житель Арыси поднял барана 1111 раз и установил новый рекорд

Next Post

Сарыағашта қайырымдылық марафоны өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі