13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралдың құрамасы стритболдан облыстың чемпионы атанды

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мақтааралдың құрамасы стритболдан облыстың чемпионы атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында ересектер арасында Түркістан облысының ІV спартакиадасы өтті. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Бекжан Адамбеков, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеевтер қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ел Президентінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі Жолдауын іске асыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, облыс тұрғындары арасында бірлік пен өзара татулықты нығайту — спартакиаданың негізгі мақсаты болып саналады. Спартакиада аясында 29-30 қыркүйек күндері Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде спорттың стритбол түрінен жарыс өтіп, облыстың 12 ауданынан келген командалар өзара бақ сынасты. Тартысты спорттық сайыста әр команда шеберліктерін көрсетіп, ойынды жандандырды.

2 күндік жарыстың нәтижесінде Мақтаарал ауданының құрамасы І орынды жеңіп алып, стритболдан облыстың чемпионы атанды. Сонымен қатар, ІІ орынды Кентау қаласының командасы иемденді. Ал жүлделі ІІІ орынды Сарыағаш ауданының құрамалары қанжығасына байлаған.

Айта кетейік, барша жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен, медальдармен және кубокпен марапатталды. Ал жарысқа қатысушылар тарапынан ұйымдастырушыларға алғыс айтылды. Қатысушылар мұндай ауқымды спорттық додалар жастардың осы салаға деген қызығушылығын арттырады деп отыр. Сондықтан бұл спартакиаданың дәстүрлі түрде өткізіліп тұрғанын қалайтынын да жеткізді.

Айта кетсек, өңірде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыту, тұрғындар арасындағы спортпен шұғылданатын адамдар санын көбейту жұмысы қолға алынған. Нәтижесінде, спорт секцияларының саны артып, саланы цифрландыру мәселесі жолға қойылып келеді.

Previous Post

Түркістан қаласының алғашқы гастрокартасы таныстырылды

Next Post

Түркістанда халықаралық қарттар күні атап өтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі