13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда халықаралық қарттар күні атап өтілді

2 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда халықаралық қарттар күні атап өтілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда Халықаралық қарттар күні мерекесі аталып өтті. Салтанатты шараға облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, өңір ақсақалдары мен ардақты әжелерін құттықтап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар, мейрам қарасаңында қарияларға тегін қызмет көрсететін «Белсенді өмір сүру» орталығы ашылды.
Түркістан обылысының әкімі Дархан Сатыбалды қазыналы қарттарға құрмет көрсетті. Күнгей өңірде халықаралық қариялар мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік шараға облысқа еңбегі сіңген еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері шақырылып, құрметке бөленді. Олардың бірқатарына мейрам қарсаңында алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, өңір басшысы аға буынмен пікірлесіп, ұсыныстарын тыңдады.

«Баршаңызды 1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ халқында «Қарты бар ел қазыналы ел» деген нақыл сөз бар. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Түркістан тұрғындарымен кездесуде шаһарға қолдау жалғасатынын айтты. Бұл ретте өңірді дамытуда сіздердің де еңбектеріңіз мол. Облыста 179 мыңнан астам ардагеріміздің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында әр түрлі бағытта жұмыстар атқарылып, мәдени-рухани өмірге белсене араласуларыңызға қолайлы жағдай жасалуда. Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасыларыңызға – амандық, ұрпақтарыңызға бақ-береке тілеймін!»,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.

Сондай-ақ рухани астанада «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы ашылды. Ғимараттың жалпы алаңы – 728 шаршы метр. 2022 жылға Түркістан қаласының бюджетінен орталықты ұстау және қызметтерді көрсетуге тиісті қаржы бөлініп, 19 штаттық бірлік құрылды. Орталықта күнделікті 70 зейнеткерге тиісті қызмет көрсетіледі. Бір жылда 2500 ардагер тынығады. Жалпы облыста «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының саны 10-ға жетіп отыр.

Жалпы облыста қазіргі таңда 179 633 мың зейнет жасындағы қарттар тұрады. Оның 20-ы Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 4,8 мыңнан астамы – тыл еңбеккерлері. Жалпы өңір ардагерлеріне ай сайын 15,8 млрд. теңге көлемінде зейнетақы төлемі жүргізіледі.

Сонымен қатар. егде жастағы азаматтарды сауықтыру мақсатында жыл сайын облыстық бюджет есебінен «Ардагерлер үйі» мен «Мейір» ардагерлер үйлерінде 8 мыңға жуық қария денсаулығын түзеп келеді.

Previous Post

Мақтааралдың құрамасы стритболдан облыстың чемпионы атанды

Next Post

Житель Арыси поднял барана 1111 раз и установил новый рекорд

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі