13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласының алғашқы гастрокартасы таныстырылды

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістан қаласының алғашқы гастрокартасы таныстырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN — 2022» ауқымды фестивалі өтті.
Облыс орталығында өткен іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов қатысып, фестиваль аясында халықаралық туризм күніне байланысты сала қызметкерлерін Алғыс хаттармен марапаттады.

Гастрофестиваль – Түркістан қаласының көрнекі белгісіне айналатын, өңірдегі қоғамдық тамақтандыру саласын дамытуға және гастрономиялық брендін қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған аймақтағы ауқымды аспаздық шара.

Қаланың 25-тен астам мекемесі гастрофест қонақтарына ұлттық, жергілікті және көше тағамдарын, десерттер мен сусындар дайындады. Фестивальдің айрықша ерекшелігі — авторлық рецепт бойынша дайындалған көше тағамдары форматындағы дәстүрлі тағамдар ұсынылды. Фестиваль мәзірінде қонақтар қайта ойластырылған әлемдік хиттерді де сынап көрді.

«Жергілікті халықтың гастрономиялық өнерін насихаттауға бағытталған фестиваль өңіріміздің шебер аспаздарының дәстүрін жалғастыруға оң серпін беру мақсатында ұйымдастырылуда», — деді облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов құттықтау сөзінде.

«Жібек жолы» саябағындағы іс-шараға 2 мыңнан астам қонақ қатысты. Гастрофестиваль аспаздардың концерттері, ойындары, конкурстары, шеберлік сыныптары бар бай мәдени бағдарламамен жалғасты.
Сондай-ақ «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы іс-шара барысында Түркістанның алғашқы гастрокартасын таныстырды. Картада туристерге баруға ұсынылған қала мекемелері туралы ақпарат бар.

Бұл картадан, мысалы, нағыз түркістандық самсаны, Оңтүстік кебабын, қазақ тағамдарының көне рецептерімен әзірленген тағамдарды немесе жергілікті фаст-фудты қайдан көруге болатынын білуге болады.

Гастрокарта туристерге арналған нұсқаулық қана емес, сонымен қатар мейрамханалар мен кафелерге бару үшін жеңілдік купондарының жинағы. Барлық купондар жыл соңына дейін жарамды.
Айта кетсек, гастрофестиваль қорытындысы бойынша Түркістан облысы әкімінің орынбасары фестивальдің жыл сайын дәстүрге айналатынына сенім білдірді.

Previous Post

Түлкібастық ұстаз асық атудан әлем кубогын жеңіп алды

Next Post

Мақтааралдың құрамасы стритболдан облыстың чемпионы атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі