13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түлкібастық ұстаз асық атудан әлем кубогын жеңіп алды

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түлкібастық ұстаз асық атудан әлем кубогын жеңіп алды
Share on FacebookShare on Twitter

Түлкібастық ұстаз асық атудан әлем кубогының иегері атанды. Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны Алмас Қарабаев асық атудан әлем чемпионатына қатысып келді.
Румыния жерінде өткен байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған мектеп мұғалімі ешқандай қарсылас шақ келтірмеді.

«Бес асықтан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иелендік. Үлкен шеңбер ішіндегі асықты алыстан атып, шеңберден шығару керек болды. Біздің командаға бұл ойын еш қиындық тудырмады» — дейді ол.

Алмас Т.Рысқұлов ауылында орналасқан А.С.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп лицейінде дене шынықтыру пәнінен сабақ береді. Бос уақытында балаларды асық ату ойынына баулып, қыр-сырын үйретеді. Жарыстарға алып барып, шыңдайды. Шәкірттері де сенімді ақтап әлемдік додаларда топ жарып, жеңімпаз атанып жүр.

«Бала кезімізден асық ойнап өстік. Кейіннен мектеп бітірген соң Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетін бітірдім. 2015 жылдан бастап асық ойнауды қайта қолға алдым. 2019 жылы ауыл мектебіне мұғалім болып қызметке орналасып, шәкірт дайындауды бастадым. Қазір 14 шәкіртім бар. Оның 11 ұл, 3 қыз бала. Нәтижелері көңіл қуантарлықтай» — дейді ол.

Алмас — асық атудан спорт шебері. Өзі де жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.Атап айтар болсақ, Қызылорда, Шымкент, Алматы қалаларында өткен Қазақстан кубогының чемпионы, Орал, Петропавл, Тараз, Көкшетау қалаларында өткен ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, Қырғызстан Республикасында өткен дүниежүзілік көшпенділер ойынының қола медаль иегері. Сондай-ақ, биыл Румыния елінде өткен әлем кубогының жеңімпазы атанды.

«Бүгінде көптеген жастар асық ойнауға құмартпайды. Ынтасы жоқ. Одан қайта ұялы телефон шұқылап, әлеуметтік желіде отырғанды құп көреді. Біз сонда да жастардың қызығушылығын оятып, ұлттық спорттық ойынды насихаттап келеміз» — дейді ұстаз.

Previous Post

В Туркестане наградили победителей марафона-байги «Улы дала жорыгы»

Next Post

Түркістан қаласының алғашқы гастрокартасы таныстырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі