13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасылық ұстаздар ұлықталды

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ордабасылық ұстаздар ұлықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы ауданының орталығындағы Мәдениет үйінде ұстаздардың мерекесі кең көлемде аталып өтілді. Аталған шараға аудан әкімі Нұрбек Бадырақов қатысып, ұлы мамандық иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

— Ұстаз, мұғалім — мәртебелі мамандық. Бұл мамандыққа халқымыздың құрметі қашанда ерекше. Өйткені Сіздер шәкірт тәрбиелеп, оларды білім нәрімен сусындатып, бойларына жақсы қасиеттерді дарытуда аянбай еңбек етіп келесіздер. Сіздердің білім саласына сіңіріп жатқан қажырлы еңбектеріңізді бағалаймын және істеріңізге деген сүйіспеншіліктеріңіз және адалдықтарыңыз үшін алғысымды жеткізгім келеді, — деді аудан басшысы.

Жиынға ардагер ұстаздар арнайы шақыртылды. Оларға құрмет көрсетіліп, жақсы тілектер айтылды. Қызығынан қиындығы көп жауапкершілігі мол мамандық иелері қашанда құрметке лайық.
Салтанатты шарада аудан әкімі білім саласында еңбегі сіңген, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттап, еңбектеріне табыс тіледі.

Айта өтсек, ұстаздар күніне арналған іс-шараға Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов, аудандық маслихат хатшысы Әбдіхалық Қасымбай, сонымен қатар ауданның барлық білім беру ордаларының басшылары мен мұғалімдері қатысты. иШара соңы концерттік бағдарламаға ұласып, ұстаздардың құрметіне мерекелік көңіл күй сыйлады.

Қазіргі таңда, Ордабасы ауданында 6 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Олардың 4-еуі (Қараспан, Аққойлы, Дербес, Төрткүл елді-мекендерінде) жылдың соңына қарай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған екі мектеп ( Шұбар мен Қызылжар) 2023 жылға өтпелі. Жалпы, Ордабасы ауданында 68 мектеп бар болса, онда 4,5 мыңнан астам мұғалім еңбек етуде.

Previous Post

Әдебиет алыбына 125 жыл

Next Post

Кентауда «AMANAT LIDER» пікірсайыс турнирі өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі