13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда «AMANAT LIDER» пікірсайыс турнирі өтті

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Кентауда «AMANAT LIDER» пікірсайыс турнирі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT LIDER» дебат турнирі – азаматтардың ораторлық қабілетін шыңдауға, саяси ұстанымдарды қалыптастыруға, лидерлік қасиетті дамытуға және партияның кадрлық резервін жасақтауға бағытталған жоба. Бәсеке «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен жүзеге асырылып келеді. Кезекті пікірсайыс алаңы Кентауда ұйымдастырылды. Кентау қалалық мәслихатының хатшысы Балабиев Талғат Рахымұлының қатысуымен өткен пікірсайыс турнирі қалалық Жастар ресурстық орталығында болып өтті.

Сайысқа партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Басаров, қалалық мәслихат хатшысы Талғат Балабиев, арнаулы кәсіптік колледж директоры Роза Аяпбергенова, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің директоры Қанат Бекметов қазылық етіп, спикерлерді бағалады.

Білімділер сайысының басты мақсаты азаматтардың ораторлық қабілетін шыңдау, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып қоғамдағы маңызды мәселелер аясында азаматтардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқық сауаттылықты жан-жақты мониторрингтік зерттеулер жүргізе отырып пікірсайыс арқылы толығырақ насихаттау.

Ұйымдастырушылардың айтуынша «AMANAT LIDER» дебат турниріне, бақ сынауға ниеттілердің қатары көп болған. Бәсекенің алғашқы кезеңінде «өңірдегі өзекті мәселелері және шешу жолдары» тақырыбы таңдалып, қатысушылар пікірталас жүргізді. Белгіленген уақыт аяқталған соң өзара сұрақ-жауапта сайысты ширата түсті. Ал екінші кезеңге жолдама алғандар ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы бойынша қызу пікір таластырып, үздік ойын өрнегін көрсете білді.

Пікірсайыс жарысының нәтижесінде «М.Қашғари» атындағы лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі З.Амин жүлделі 3-орынға ие болды. Ал, қалалық орталық аурухананың терапевт-дәрігері Т.Нармахан сайыстың 2-орынынан көрінді. Әділ қазылар алқасының шешімімен ұтымды ұсыныстар айта білген А.Мұхан турнир жеңімпазы атанды.

Тартысты додаға қатысқан спикерлер, жүлдегерлер мен жеңімпаз алғыс хатпен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды.

Previous Post

Ордабасылық ұстаздар ұлықталды

Next Post

ТУРКЕСТАН: В Тюлькубасе прошел культурно-литературный вечер «Өмірді сүй»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі