13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әдебиет алыбына 125 жыл

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Әдебиет алыбына 125 жыл
Share on FacebookShare on Twitter

Темір ауылдық мәдениет үйінде ұлтымыздың заңғар тұлғасы Қазақ Әдебиетінің шоқтығы биік өкілі, классик жазушы Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай Темір Орта мектебі мен Темір ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жазушыға арналған әдеби сазды кеш болып өтті.

Шараға Темір орта мектебінің директоры Алтынай Қасымбек және Тәрбие-ісі жөніндегі орынбасар Пірман Анар, Темір ауылдық жастар инспекторы Құрамысова Динара қатысты. Жазушы рухына арналған әдеби кештеТемір орта мектебінің басшысы Алтынай Қасымбек сөз сөйлеп, кешті ашып берді.Шара барысында Темір орта мектебінің 10-сынып оқушылары әдебиет алыбының жеке шығармаларымен танысып, жазушы жайлы құнды деректерге қанықты.

Мұхтар Әуезов «Кінәмшіл бойжеткен», «Жетім», «Кім кінәлі?», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Көксерек» атты әңгіме-повестері, «Қилы заман» романы, «Тас қауырсыны», «Алма бағында» сынды қазақ феодалдық қоғамының өткір мәселелерін ашатын пьесаларының, қазақ және қырғыз әдебиеті мен фольклорының тарихы бойынша монографиялық зерттеулердің авторы. Жазушының бүкіл шығармашылық жолының шарықтау шегі іспетті «Абай жолы» атты төрт томдық романы оның әлемдік деңгейде танылуына зор ықпал етті. Бұл шығарма әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, «Әлем әдебиеті кітапханасына» енді. Әуезовтің әлемдік деңгейдегі «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы француз жазушысы Луи Арагон «ХX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» деген жоғары баға берген екен. 1949 жылы эпопеяның алғашқы кітабы – «Абай» романы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталып, 1959 жылы «Абай жолы» кітабы Лениндік сыйлыққа ие болды.

Сонымен қатар биыл елімізде көрнекті халық жазушысы М.Әуезовтің 125 жылдығы аясында 500-ден астам, оның ішінде халықаралық деңгейде 50-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған болатын. Мұндай іс шара Түркістан өңірінде де кең көлемде өтіп жатыр.

«Абай жолындай» тамаша туындыны дүниеге әкеліп, жер-жаһанға қазақтың қасиетті болмысын, асқақ мәдениетін, терең философиясын Абайдай кемеңгер тұлға арқылы ашып берген Мұхтар Әуезовтің қаншама уақыт өтсе де маңыздылығын жоймайтын өшпес еңбектерінен әлі талай ұрпақ жігерін жанып, баба сөзінен тамыр жайып, болашаққа бой түзері анық.

Одан соң Темір ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздарының осы кешке арнайы дайындаған әдеби-сазды кешіне жалғасып ән мен жырдан шашу шашылды. Шара соңында бүгінгі рухани кешке жиналған ұстаздар мен оқушылар және өнерпаздар естелік суретке түсіп тарқасты.

Previous Post

Жетісайда оқушылармен дөңгелек үстел өтті

Next Post

Ордабасылық ұстаздар ұлықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі