13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық 36 жасар азамат қошқар көтеріп, рекорд жаңартты

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістандық 36 жасар азамат қошқар көтеріп, рекорд жаңартты
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласының тұрғыны Азамат Мақұлбеков ұлттық спорт түрінен рекорд орнатқан. 36 жасар жігіт салмағы 43 кг тұратын қошқарды мыңнан аса рет көтеріп, елді аузына қаратты.
Түркістан облысы Арыс қаласында қошқар көтеруден рекордсмен тұрады. Ол 36 жасар Азамат Мақұлбеков. Осыған дейін отырарлық тұрғын 900 рет қошқар көтерген еді. Оны басып озған Азамат 43 кг қошқарды 1 111 рет көтеріп, рекорд орнатты.

Азамат Мақұлбековтің бұл ұлттық спорт түрімен айналысып келе жатқанына 6 жылдан асыпты. Ол алғашында қол күреспен шұғылданған. Бертін келе Қошқар көтеруге ойысып, Қызылорда, Павлодар қалаларында өз күштілігін көрсетіп, 1 орынды қанжығасына байлаған. Ол бұл ісім арқылы осы ұлттық спорт түрін бүткіл Қазақстанға әйгілі еткім келеді дейді.

«1111-ді Арыс қаласында рекорд қойғанмын. Ол шара Жастар ресурстық орталығында ұйымдастыруымен өтті. Одан бөлек Наурыз, Құрбан айт мерекелерінде де қошқар көтеріп жүрдім. Қошқар көтеру республикалық дәрежеде өтсе екен деп рекордты қойып жатырмын. Оған қоса жастарға мотивация болса екен деймін»,- деді Азамат Мақұлбеков.

Рекордшы жігіттің еңбегін ескерген Арыс қаласының басшысы оны арнайы қабылдап, мақтау қағазымен марапаттады. «Бұл рекорд қала күніне керемет тарту болды. Сенің әр жетістігіңді естіп, қуатып отырамыз. Әлі алда талай жетістікке жететініңе сенемін. Арыстың атын шығара бер»,- деді Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова.

Өз рекордын бірнеше рет жаңартып отырған Азамат мұнымен тоқтап қалмаймын дейді. Оның ендігі мақсаты үлкен салмақтағы муляж қошқарды көтеру бойынша машықтанып, рекорт орнату.
Ал, қошқарды 160 рет көтерген Мәжит Архат екінші орынды, 150 рет көтерген Данияр Айтбек үшінші орынды иеленді. Жарыс жеңімпазы Азамат Мақұбековке өзі көтерген қошқар берілсе, қалған жүлдегерлер мен қатысушыларға ұйымдастырушылардың бағалы сыйлықтары табыс етілді. Бір қызығы, ерлерден соң қошқар көтеру кезегін алған арыстық Әділ Ақнұр есімді ару тіпті, бірқатар жігіттерді шаң қаптырып, семіздікті көтеретін жалғыз жануарды 64 рет көтерді. Келушілерді таңқалдырған жігерлі аруға да арнайы сыйлық табыс етілді. Сол сияқты барлық спорт түрінен жүлделі орын алған қатысушылар арнайы алғыс хатпен марапатталып, олардың бәріне тұрмыстық техникалар сыйға тартылды.

Айта кетсек, ұлттық салт-дәстүрлеріміз дәріптеліп, салауатты өмір салты насихатталған шарада қала жастарымен бірге Шымкент қаласы, Қазығұрт және Ордабасы ауданының жастары қатысты. Қатысушылар ұлттық спорт түрлері – арқан тарту, қол күрес, қошқар көтеру, гір тасын көтеруден бақ сынасты. Бұдан бөлек, Арыс қаласының өркендеп дамуына, жастардың патриоттық рухын көтеріп, саламатты өмір салтын ұстануда еңбек етіп, демеушілік танытып жүрген қаламыздың бірқатар азаматтарына да алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Previous Post

«Түркістан - рухани қауіпсіз қала» форумы өтті

Next Post

«AMANAT» партиясының Саяси кеңес отырысы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі