13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Түркістан — рухани қауіпсіз қала» форумы өтті

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
«Түркістан — рухани қауіпсіз қала» форумы өтті
Share on FacebookShare on Twitter

«Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «Түркістан — рухани қауіпсіз қала» тақырыбында форум өтті. Аталған форум Түркістан облысы Полиция департаментінің бастамасымен, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Жанаевтың мәлімдеуінше, қалада «Түркістан – қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асыру нәтижесінде қылмыстар саны төмендеген. Мәселен, «Керуен сарай» сауда әрі ойын-сауық кешенінің басшылығымен және «Бірлік» мөлтек ауданындағы кафе иелерімен кездесіп, қауіпсіздікті сақтау бойынша бірлесе жұмыс істеуге келісімге келген. Сервистік полиция моделін қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз қала», «Қауіпсіз жол» іс-шараларын тұрақты түрде өткізіп, рейдтер ұйымдастырылған. Бұл жұмыстар өз жемісін беруде.

– Түркістан шаһарында тұрғындармен ашық әрі тығыз байланыс орнату, «сервистік полиция» тұжырымдамасын жүзеге асыру бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Түркістан облыстық полиция департаменті басшылығының тапсырмасына сәйкес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау жұмыстары күшейтіле түсті. Қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрақтылықты ту ету басты орынға шықты. Шаһарда «Азаматтарға арналған қабылдау» фронт-кеңсесі жұмыс істеп тұр. Жаңа орталықтың ашылуы арқылы полиция қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуды көздейді. Кеңес беріп, жаңа форматта жұмыс істеуде. Соның бірі – арыз, шағымдарды бейнежазу арқылы қабылдау. Арнайы техникамен жарақталған бөлме бар, сол жерде шағымданушының сөзін, айғақ заттарын таспаға басып алуға болады. Бұл өз кезегінде іс қағаздарының бұрмаланбауына әсер ететін бірден-бір фактор, — деп атап өтті қаланың бас полицейі.

Аталмыш форумға спортшы, ережесіз жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров, медиаэксперт, журналист Өркен Кенжебек, сарапшы, журналист Нұрділда Ораз, кәсіпкер, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Олжас Сүлейменов, әнші, спортшы Ескендір Ибрагим арнайы спикер ретінде келді.

Сахна төріне шыққан спикерлер рухани астана атанып келе жатқан облыс орталығын қауіпсіз қала ету төңірегінде өздерінің пікірлерін жеткізіп, көрермендермен пікір алмасты.
Форум соңында Түркістан қалалық Полиция басқармасының басшысы тұрғындарды қоғам тыныштығын бірлесе қамтамасыз етуге шақырды.

– Түркістан – руханият орталығы әрі қауіпсіз қала. Біз осы ұстанымды жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек. Бұл ретте, киелі шаһардың тәртіп сақшылары өздеріне жүктелген міндеттер мен Президент, министрлік тапсырмаларын бұлжытпай орындауға күш салып келеді. Біз үшін басты құндылық – адам мен оның құқығы. Барша әріптестерімізді, Түркістан тұрғындарын бізбен бірлесе жұмыс істеп, қоғам тыныштығын қамтамасыз етуге шақырамын. Қоғам мен мемлекеттік мекемелер өзара үйлесімді байланыс орнатса ғана мемлекетіміз дамиды! – деді қорытынды сөзінде Б. Жанаев.

Айта кетсек, бүгінде Түркістан қаласының Полиция басқармасында 500-ден аса қызметкер еңбек етуде, оның ішінде 103 учаскелік полиция және 214 патрульдік инспекторлары қоғам тыныштығына үлес қосуда.

Previous Post

Ұстаздар ұлықталған күн

Next Post

Түркістандық 36 жасар азамат қошқар көтеріп, рекорд жаңартты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі