13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ұстаздар ұлықталған күн

5 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Ұстаздар ұлықталған күн
Share on FacebookShare on Twitter

Халқымыздың ұлы батыры Б.Момышұлы «Ұстаздық – ұлы құрмет, себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді, Өмірге ұрпақ беретін аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген. Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді сіңіруші адам – мұғалім.

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған салтанатты жиынға ауданы әкімінің орынбасары Серик Примбеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбет пен білім саласы басшылары, ардагер ұстаздар қатысты.

«Ұстаз – қай заманда болмасын қоғам дамуының негізгі тетігі саналатын қасиетті де қастерлі мамандық. Өйткені, мұғалімнің берер білімі мен өнегесінсіз адам баласының жеке тұлға ретінде қалыптасуы, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тарих пен тағылымды оқып білуі әсте мүмкін емес. Міне, сондықтан да болар соңғы жылдары елімізде педагогика саласының мамандарына мемлекет тарапынан ерекше қамқорлықтар жасалып, мәртебесін биіктету шаралары қызу қолға алынуда. Ұстаздар мен оқушылардың заман үдерісінен шеттеп қалмай өз бетінше ізденуіне, білімі мен біліктілігін арттыруына мүмкіндігінше жағдай жасалып, білім ошақтарының материалдық-техникалық базалары жақсаруда. Нәтижесінде, білім мен ғылымға қызығушы қазақстандықтардың қатары артқан» деген аудан әкімінің орынбасары құрметті мамандық иелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамытып, дүбірлі білім жарыстарында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығарып жүрген ұлағатты жандардың ерен еңбектері ескеріліп сый-құрметке бөленді.

Биіктерді бағындырып, білім бәсекесіне қабілетті шәкірттерді тәрбиелеп жүрген тәжірибелі ұстаздар Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағанбетовтың, аудан әкімі Мұрат Кадырбек пен облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының, аудандық мәслихат хатшысы Алихан Утанов пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әділхан Асауовтың, Жетісай аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асқар Тәтеев пен кәсіподақ ұйымының төрағасы Мұқамеджан Спархановтың алғыс хаттарымен марапатталды.
Аудан ардагер ұстаздар мен мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын ұсынып, көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әуелете ән салып, күмбірлете күй төкті. Мың бұрала би билеп, Жетісай аспанын шаттыққа бөледі.

Іс-шара соңында Шымкент қаласы балалар мен жасөспірімдер театрының әртістері қазақтың ақыны, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, түркітанушы, публицист-педагог, аудармашы, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен еңбегінен қойылым қойды.

Previous Post

Түркістан мен Түркияның Мальтепе Муниципалитеті арасында "Достастық" меморандумына қол қойылды

Next Post

«Түркістан - рухани қауіпсіз қала» форумы өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі