13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда қайырымдылық іс шаралар өтуде

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Мақтааралда қайырымдылық іс шаралар өтуде
Share on FacebookShare on Twitter

1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесі Мақтаарал ауданында кең көлемде атап өтілуде.
Ең алдымен, «Тәжі» мейрамханасында аудан әкімі Бақыт Асановтың ақ дастарханы жайылып, қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді. Сондай-ақ, «Мақтаарал» мәдениет үйінде мерекеге арналған салтанатты кеш өтті. Қарттар күніне байланысты аудан басшысының тікелей тапсырмасымен аудан аумағындағы барша кенттер мен округтерде де түрлі қайырымдылық іс-шаралары өтуде. Мәселен, А.Қалыбеков ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен бір топ қариялар облысымыздың киелі жерлеріне саяхат жасады. Сондай-ақ, Атакент кенті және Еңбекші ауылдық округі әкімдіктерінің ұйымдастыруымен жасы жүзден асқан қарттарға арнайы себет дайындалып, сыйлық жасалды.

Иә, Түркістан өңірінде жыл сайын бұл күн қарттарымыздың ғұмыр бойы істеген еңбектеріне әрі мемлекетіміздің қа­лып­тасуына қосқан зор үлестеріне сай сый-құр­мет көрсетіледі. Биыл да мерейлі мереке өз деңге­йінде аталып өтілді.

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адам­дарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсе­тілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

«Әрбір азаматтың қартайған ке­зін­дегі өмірін лайықты ету – мем­­­­лекетіміздің әлеуметтік саяса­ты­ның басты бағыттарының бірі. Осы­ның айқын дәлелі ретінде Мемлекет басшысының Жол­дауында көтерілген міндеттердің бірі зейнетақы мөлшері жылдан-жылға артып келеді. Қарт­тар үшін мемлекет тарапынан көрсетіліп отыр­ған игілікті істер әлі де жалғаса бермек»,дейді сала жауаптылары.
Дей тұрғанмен, жастық шағын еліміздің гүлденуі мен өркендеп дамуына арнап, маңдай терін төккен аталар мен әжелерге құрмет көрсету тек мемлекет тарапынан ғана емес – бүгінгі жас буынның басты парызы екенін де ұмытпаған жөн.

Ал Мырзакент кенті мен Жамбыл ауылдық округтері әкімдіктері қарияларға арнап дастархан жайып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мақтаарал ауылдық округінің әкімі Е.Тұрғанбаев жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, азық-түлік жағынан көмек көрсетті. Айта кетейік, мұндай қайырымдылық іс-шаралары барлық кенттер мен окрутерде жалғасын табуда.

Previous Post

Жетісай ауданында да «Халықаралық қарттар күні» кең көлемде тойланды

Next Post

Зейнеткерлер арасында аудан біріншілігінің жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі