13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісай ауданында да «Халықаралық қарттар күні» кең көлемде тойланды

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Жетісай ауданында да «Халықаралық қарттар күні» кең көлемде тойланды
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР ардагерлер ұйымының құрылғанына 35 жыл толуы мен «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесі аясында аудандық ішкі саясат бөлімі мен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрында «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Прімбеков, Мырзашөл өңірін түлетуде тынымсыз еңбек етіп, қолымен канал қазғандар мен ауданның әлеуметтік-экономикалық саласының дамуына сүбелі үлес қосқан еңбек ардагерлері қатысты.

«Қарты бар ел – қазыналы ел» дейтін халқымыз қашан да қарияларын құрметтеп, төрінен орын берген. Атамыздың қанымен, анамыздың сүтімен бойымызға дарыған сол бір қасиетті бүгін біз жалғастырып келеміз.

Жалындаған жастық күш-жігерін туған жердің топырағын түлетуге сарп еткен Сіздердің еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмақ емес, керісінше, жылдар өтіп, тарих қойнауына енген сайын қымбаттай түспек. Баршаңызды айтулы мерекелеріңізбен құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға береке мен бірлік тілеймін!» деген аудан әкімінің орынбасары мерекелік шараны ашып берді.

Сонан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Махамбетов ұрпақтар сабақтастығы мен бүгінгі қоғамдағы ұрпақ тәрбиесіне батыстық идеялогияның кері әсері, зардаптары мен алдын алу жолдары жайында айтып, болашақтың иелерін тәрбиелеуде күш біріктіруге шақырды.

Салтанатты шара барысында аға буын өкілдері өскелең ұрпаққа жақсы менен жаманның аражігін ажырататын өсиетті ақыл-кеңестерін берді. Елдегі ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықтың сақталуын, қайғысыз күннің түгемеуін тіледі.

«Бүгінгі жас – ертеңгі елдің сенім артқан болашағы. Біз жастарымызға қандай өнеге көрсетіп, қандай тәрбие берсек еліміздің болашағы солай қалыптасады. Сондықтан, ұрпақ тәрбиесінде «сенікі, менікі» деген түсінік болмауы керек. Ол – баршамызға ортақ міндет» дейді қазыналы қарттар.
Бар жастық жігері мен күш-қайратын елінің ертеңіне арнап, аянбай еңбек еткен қарттарымыздың төл мерекелерін жоғары деңгейде атап өтуде аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен мереке иелері де өз үлестерін қосып, әсем әннен шашу шашты.

«Қай заманда, қай қоғамда болмасын қарияның аты қария, орыны әрқашан да төрде болмақ. Біздің ол кісілерден үйренеріміз әлі көп» дейді мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев.

Previous Post

Кіші футболдан әуесқой лиганың жеңімпаздары анықталды

Next Post

Мақтааралда қайырымдылық іс шаралар өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі