13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кіші футболдан әуесқой лиганың жеңімпаздары анықталды

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Кіші футболдан әуесқой лиганың жеңімпаздары анықталды
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруында «2022 жыл – Балалар жылына» орай «Салауатты ұлт- салауатты ұрпақ» ұранымен бастау алған кіші футболдан әуесқой лиганың біріншілігі өз мәресіне жетті. Футбол ойынын аудан жастары арасында кеңінен дәріптеу және ауданда бұқаралық спортты дамыту, ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында «Жоғарғы лига» және 35 жастан асқан ардагер спортшылар арасында өткен байрақты бәсекенің жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Теңбіл доп шеберлерін марапаттау рәсіміне Жетісай ауданы әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Алданиязов пен аудандық мәслихат депутаты Асқар Қайназаров, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен «Жетісай спорт клубы» КММ басшысы Талас Битуреев қатысты.

ҚР футбол федерациясының (KFF) бекіткен ережесіне сәйкес «Жоғарғы лигада» 16 команда өзара 15 турдан тұратын ойындар өткізген болса, 35 жастан асқан ардагер спортшылар арасындағы әуесқой лигада 10 команда өзара 18 тур бойынша мықтыларды анықтаған.

Турнир нәтижесі бойынша қарсыластарынан оқ бойы озып шыққан жүлдегерлер мен жеңімпаздарға арнайы кубоктар мен дипломдар, медальдар табыс етілді. Нақтырақ айтар болсақ, 35 жастан асқан ардагер спортшылар арасындағы әуесқой лигасында жүлделі III орынды «Мырзакент МГ» құрамасы иемденсе, II орын жетісайлық «Байка» командасының еншісінде кетті. «Атакент» құрамасы әуесқоц лиганың чемпионы атанды. Ал, «Жоғарғы лига» ойындарында «Жетісай жастары» үздік үштіктен көрінсе, «Жетісай спорт клубы» КММ құрамасы күміс медальға ие болды. Лига жеңімпазы аз ғана ұпай айырмашылығымен «Ынтымақ» құрамасы атанды. Дегенмен, «Жетісай спорт клубы» КММ құрамасы лига ойындарында кеткен қателіктен нәтиже шығарып, «Супер кубок» ойындарында «Ынтымақ» құрамасын финалда 2:1 есебімен қапы қалдырды.

Командалық нәтижеден бөлек үздік ойын өрнегін көрсеткен жекелеген ойыншыларға «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», «Үздік жартылай қорғаушы», «Үздік шабуылшы» және «Үздік ойыншы» сынды номинациялар бойынша да арнайы жүлделер табысталды.

«Ауданымызда бұқаралық спорт жақсы дамып келе жатыр. Оның ішінде кіші футболға тоқтала кетпесек болмас. Қазір таңдағы спортшыларымыздың ойын деңгейі жоғарылап, республикалық біріншіліктерге қатысуға мүмкіндік беріп отыр. Жылдан-жылға командалардың саны артып, турнирлер тартысты өтуде. Осы қарқыннан таймасақ көп ұзамай Жетісай жастары ұлттық құрама сапында бой түзеп, ел абыройы үшін әлемдік деңгейде шаршы алаңда жақсы ойын өрнегін көрсетеді деген сенімдемін. Жерлестерімізге сәттілік әрдайым серік болсын» дейді аудан әкімі аппаратының басшысы Есенкелді Әшірханұлы.

Әуесқой лига ойындарына қатысушы құрамалар ұйымдастырушылар алқасына өз ризашылықтарын білдіріп, келесі маусымға жақсы дайындықпен келетіндерін жеткізді.

Previous Post

Баскетболдан Төлеби ауданының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті

Next Post

Жетісай ауданында да «Халықаралық қарттар күні» кең көлемде тойланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі