13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Баскетболдан Төлеби ауданының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Баскетболдан Төлеби ауданының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданы, Ленгер қаласындағы спорт кешенінде Төлеби ауданының 90 жылдығына орай «Аудан әкімінің кубогы» үшін баскетболдан 2007-2008, 2008-2009 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Төлеби ауданының ашық біріншілігі өтті. Спорттық шараны Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырды.

Аталған жарысқа Шымкент қаласынан, Келес, Қазығұрт, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Түлкібас, Төлеби, Ленгер қаласынан команда қатысты, жалпы 200 жуық спортшылар қатысты.

Жарысты марапаттау салтанатына аудан әкімінің орынбасары Сержан Дүйсебаев және Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек және аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғани Ордабаев жеңімапаздары мен жүлдегерледі марапаттады.

Айта кетсек, тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада 2008-2009 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында Төлеби ауданының ашық біріншілігінде жалпы командалық есеп бойынша Төлеби аудандық № 3 БЖСМ командасы жеңіске жетті. Ал Отырар ацданының командасы 2 орынға тұрақтады. Ленгер қаласының № 2 БЖСМ командасы болса 3 орын иеленді.

Спорттық додада 2007-2008 жылы туылған жасөспірім ұлдар арасында Төлеби ауданының ашық біріншілігінде жалпы командалық есеп қорытындысына сәйкес, Ленгер қаласының № 2 БЖСМ командасы бірінші орынды жеңіп алды. Ал Шымкент командасы болса 2 орынға тұрақтады. Үшінші орын Ленгер қаласының № 2 БЖСМ командасына бұйырды.

Жарыс жеңімапаздары мен жүлдегерлеріне Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің дайындаған кубогы, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтар табысталды.

Previous Post

Бәйдібек ауданында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

Next Post

Кіші футболдан әуесқой лиганың жеңімпаздары анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі