13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бәйдібек ауданында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Бәйдібек ауданында ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінде Бәйдібек ауданы көлемінде 100-ден асқан 6 әже ұл-қыздары мен немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде. Бәйдібек ауданының әкімі мениаудандық мәслихат хатшысы екі әжейге мерекелік сый-сияпат жасап, иықтарына орамал жапты.

Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков пен аудандық мәслихат хатшысы Асқар Кенехан аудандағы 107 жастағы Күміс Көшкінбаева мен 102 жастағы Қарашаш Тәжібаеваның шаңырағында болып, халықаралық қарттар күнімен құттықтады. Бір ғасырды көрген екі әжейге мерекелік сый-сияпат жасап, иықтарына орамал жапты. Бәйдібек ауданы Қошқарата ауылында кенже ұлымен тұратын Қарашаш Тәжібаева 1920 жылы 1 қаңтарда дүниеге келген. 8 ұл-қызды тәрбиелеп өсірген алтын құрсақты батыр ана 20 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. Қарашаш әже жастайынан еңбекке араласып, кетпен шауып, жер жыртып, ауыр жұмыстарды атқарған. Соғыс жылдары тоқыма тоқып, майданға түрлі киім-кешектер жіберіп отырған. Тыл еңбеккері, Жеңістің 50,60,65,70,75 жылдығы мерекелік медалдарымен марапатталған.
Ал, Алмалы ауылындағы Күміс әже 60 жастағы кенже ұлымен тұрады. Күміс әженің тұңғышы 85 жаста. Жастайынан сауыншы болып жүріп 10 ұл-қызды тәрбиелеп өсірген Күміс әженің 60 немере, 38 шөбере, 28 шөпшегі бар. Жалпы аудан көлемінде 100-ден асқан 6 әже ұл-қыздары мен немере-шөберелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешуде.

990 жылы желтоқсан айының 15 күні БҰҰ Бас Ассамблеясы бұл күнді «Халықаралық қарттар күні» деп жариялады. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырдан бастап пайда болған. Бастапқыда Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жіктеуіне сәйкес, қарт адамдарға 60-74 жас, кәрілерге 75-89 жас аралығындағылар, ал, ұзақ жасаушыларға жасы 90-нан асқандар кіреді.

Қария — ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген асыл сөзді халқымыз бекер айтпаса керек. Қай кезде де халқының тілеуін тілеп, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман болсын!

Previous Post

Ордабасы ауданында халықаралық қарттар мерекесі тойланды

Next Post

Баскетболдан Төлеби ауданының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі