1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Айтулы мерекеге орай Ордабасы ауданында да бірқатар іс-шара өтті. Мамандар арнайы қариялар үйінде спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырды. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Нұрбол Бадырақов қатысып, өңір ақсақалдары мен ардақты әжелерді құттықтап, құрмет көрсетті. Мерекелік іс-шараға Ордабасы ауданына еңбегі сіңген барша қариялар қауымы шақырылып, арнайы марапаттармен марапатталды.
Іс шараның бастауы аудан орталығы Темірлан елді мекенінде жаңадан бой көтерген «Ардагерлер үйінде» өтті. Бұл ғимаратта қарттарға барлық жағдай жасалған. Орталықта қариялар тұзды кенге отырып, билярд пен теннистен жарысты. Ал, ақсақалдар бос уақыттарында тоғызқұмалақ пен шахмат ойнап, бас қосып әңгіме дүкен құрады екен. Сайысқа түскен қазыналы қарттардың көңіл күйлері жоғарылап, алғыстарын білдіріп жатты. Ал іс-шараның жалғасы үлкен жайылған ақ дастарханда жалғасты. Аудан қариялары бір біріне жылы лебіздерін білдіріп, арнайы марапаттармен марапатталды. Қонақ кәде тарту етіліп, жарыс жеңімпаздары анықталды. Ауданға ерен еңбегі сіңген қарияларға ерекше сый сияпат көрсетілді. Мерекелік іс-шараға аудан, қалалардан облысқа еңбегі сіңген еңбек ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері шақырылды.
Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат — аз қамтамасыз етілген қарт адамдарға, жалғызбасты қарт зейнеткерлер мен қарт мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да көмек түрлерін көрсету болып табылады. Бұл күні біздің елімізде ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, оқушылар мен студенттердің тарапынан қарияларға көмек көрсетілетін алуан түрлі жобалар ұйымдастырылып, мемлекет тарапынан арнайы жәрдемақылар тағайындалады.
Қазақ қариясын сыйлаған халық. Қарты бар үйдің қазынасы бар, — деген. Ақсақалдарды төрге шығарып, бата сұраған. Ақындар жырына қосып, амандығын тілеген.
Айта өтсек, ауданда 10 844 мың зейнет жасындағы қарттар мен ардагерлер тұрады. Оның 1-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 20 дан астамы – тыл еңбеккерлері. Айта кетейік, мұндағы басты мақсат қазыналы қарттарғы сый құрмет көрсету. Еліне адал қызмет жасап, жастық жалынын жас ұрпақ жолында тәрк еткені үшін алғыс білдіру.