13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда дүниежүзі психиатрларының конференциясы аяқталды

1 октября, 2022
in Жаңалықтар
0
Түркістанда дүниежүзі психиатрларының конференциясы аяқталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Психикалық денсаулық. Заманымыздың жаңа сын-қатерлері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аяқталды.Үш күнге жалғасқан жиында психикалық денсаулық, оны сақтау және қалпына келтіру, тәуелділік, психологиялық көмек және басқа да мәселелер талқыланды.

Халықаралық іс-шараға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілдігі, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Дүниежүзілік психиатрлар қауымдастығы, Әзірбайжан, Беларусь, Түркия, елдерінің психикалық денсаулық қызметінің өкілдері қатысты.
Статистикалық мәліметтер бойынша пандемия жағдайынан кейін аталған маман иелеріне деген сұраныс артқан. Десе де психикалық ауытқушылықтары бар аурулар саны да азаймай тұр. Аталған аурудың 39,9 % ақыл-ой кемістігі болса, 27,9 % шизофрения түрлі психикалық бұзылыстары бар аурулар құрайды. Осыдан-ақ аталған конференцияның бүгінгі таңда қаншалықты маңызға ие екендігін анық көруге болады.

Аталған шарада, психологияның қазіргі таңдағы маңызды мәселелері, клиникалық психология теориялары, психикалық денсаулық, оны сақтау және қалпына келтіру, емдеуді ұйымдастыру, тәуелділік, психологиялық көмек және басқада мәселелер талқыланып, түрлі секциялық отырыстар мен мастер класстар өткізілді. Халықаралық шараға дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, әлем елдерінің психиатрларынан 300-жуық мамандар қатысты.

Секциялық отырыстар онлайн және офлайн форматта өткізілді. Оған шетелдік мамандар онлайн қатысып, негізгі тақырып аясында түрлі тәжірибелермен қоса ұсыныстарын да жеткізді. Бүгінгі таңдағы психикалық денсаулыққа байланысты түрлі әдіс түрлері ортаға салынып, талқыланды.
Үш күнге жалғасқан жиынды Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы (РПДҒПО) Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, ҚР Психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығы және Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ұйымдастырды.

Айта өтсек, конференцияның алғашқы күні атаулы дерт түрінің таралу себебі талқыланып, тақырып аясындағы баяндамалар оқылды. Одан кейін мамандар тәжірибемен алмасып,түрлі шеберлік сабақтарын да өткізді.

Previous Post

Шымкентте жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтті

Next Post

Ордабасы ауданында халықаралық қарттар мерекесі тойланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі