13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

Шымкентте жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтті

1 октября, 2022
in Uncategorized
0
Шымкентте жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкенттегі “Көрме” орталығында жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда қала экономикасының тірегіне айналған 100-ге жуық кәсіпорынның өнімдері қойылған. Маңызы ерек шара кәсіпкерлерді қолдап, жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.Қаз-қатар тізілген павильоннан құрылыс индустриясы, жиһаз өнеркәсібі, тұрмыстық түрлі тауар өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өндірісі мен медициналық саладағы жетістіктерді көруге болады. Сондай-ақ, шара аясында бизнес қауымдастық өкілдерінің кездесуі өтті. Қалалық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ұйымдастырылған шараға шаһар басшысы Мұрат Әйтенов, «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары-Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков, құқық қорғау орган қызметкерлері, салалық құрылым басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Үшінші мегаполистің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі драйвері — кәсіпкерлік саласы. Шымкенттегі жалпы өңірлік өнімнің үштен бір бөлігін шағын және орта бизнес өкілдері өндіреді. Бүгінде қалада 95 мыңнан астам белсенді кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

“Республика бойынша 4-ші орындамыз, 180 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Бұл да әрине сіздердің арқаларыңызда”,-деді Мұрат Әйтенов салтанатты шараны ашу барысында.
Жалпы жиында бірқатар өткір де өзекті мәселелер қозғалды. Қылмыстық процесс саласындағы қиындықтар, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту, қала құрылысында кездесетін проблемалар, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы жер учаскелерін қосалқы жалдау жолдары мен жанар-жағармайға дифференциациялық бағаның бекітілуіне байланысты туындаған салықтың есептілігі, т.б көптеген мәселелер көтеріліп, кездесу барысында оның шешілу жолдары айтылды.

Кездесу қорытындысымен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлікті қорғаудың экожүйесін құру жобасын жүзеге асыруды бастады.Бизнесті қорғаудың экожүйесі аясында кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын бұзу фактілерін және мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезінде қажетсіз әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған біршама ұсыныстар әзірленетін болды.

Previous Post

Шымкент гарнизонының әскери прокуроры тағайындалды

Next Post

Түркістанда дүниежүзі психиатрларының конференциясы аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі