13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕМ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ МЕН ОРТОПЕДТЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

16 сентября, 2022
in Денсаулық
0
ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕМ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ МЕН ОРТОПЕДТЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында медицина саласын дамытуға арналған екі күндік «Заманауи травматология және ортопедия көкжиектері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған әлемнің 15 елінің жетекші клиникаларының мамандары келді.

Ұлыбритания, Ресей, Түркия, Үндістан, Швейцария, Германия, Қытай, Грекия, Египет, Иордания, Әзербайжан, Бангладеш, Өзбекстан, Қазақстан, Беларусь елдерінің ғалым докторлары бас қосқан конференция Денсаулық сақтау министрлігінің Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология жəне ортопедия орталығының, қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығының, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университет пен Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыруымен өтті.

Конференцияның ашылуына Түркістан облысы әкімнің орынбасары Арман Сәбитов, Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі Женгиз Томар қатысты. Травматология және ортопедиядағы ауруларды емдеу әдістерімен және тәжірибесімен алмасуды мақсат еткен халықаралық конференцияда әлемнің жетекші клиникаларының көрмесі де ұйымдастырылды. Бес залға бөлінген селекциялық отырыстарда спикерлер өз баяндамаларын оқып, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, травматология және ортопедия саласындағы жетістіктерімен бөлісті.

Атап айтқанда, медицина мамандары «Буындардың артропластикасы», «Буындардың емдік-диагностикалық артроскопиясы», «Балалар ортопедиясы мен травматологиясының өзекті мәселелері», «Жамбас және омыртқа жарақаттарын емдеудің заманауи тәсілдері», «Травматология және ортопедиядағы инновациялық технологиялар» және «Табан хирургиясы» тақырыптарында ой-пікірлерін ортаға салды.

Іс-шараның бірінші күні тірек-қимыл аурулары саласындағы емдеудің жаңа әдістері туралы барлығы 128 баяндама оқылды. Сонымен қатар көрнекі операциямен мастер-класстар өткізілді. 15 елден 1500-ден астам қатысушы келген конференция гибридті форматта өтуде. Сондай-ақ конференцияның онлайн көрсетіліміне қатысушылар да аз емес. Конференцияның екінші күнінде «Байтенов оқуларын» өткізу жоспарланған болатын. Оның бір ерекшелігі 40 жастан аспаған, яғни медициналық жоғары оқу орындарының студенттері, интерндер, резиденттер, ғылыми зерттеулерге белсенді қатысатын ғылыми қызметкерлер баяндама жасады.

Айта кетейік, Н.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында еліміздің жетекші ортопед-травматологтары омыртқаны транспедикулярлық бекіту сияқты күрделі ота жасайды. Рентген бақылауымен жүзеге асатын операция хирургқа әр қозғалысты дәл бақылауға және жақын орналасқан анатомиялық құрылымдарға зақым келтірмеуге мүмкіндік береді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА 20 ҚАБАТТЫ ҒИМАРАТ БОЙ КӨТЕРМЕК

Next Post

ТҮРКІСТАН: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі