13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

16 сентября, 2022
in Жаңалықтар
0
ТҮРКІСТАН: ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шараларына аса ден қойып, жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмыстарын үйлестіруде. Нәтижесінде халықтың қауіпсіздігі артып келеді.

Өңірде қатты желдің, дауылдың немесе мөлшерден көп жауын-шашынның салдарынан болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент «Қазгидромет» РМК-дан күнделікті ауа райы болжамы бойынша мәліметтер алады. Сондай-ақ, тиісті мекемелерге төтенше жағдайлардың алдын алу іс-шараларын қамтамасыз ету үшін дауылды ескерту бойынша хат жолдайды.

Осы жылдың 8 айында өңірде 289 өрт тіркелді. Өрт кезінде 2 адам құтқарылып, 105 адам эвакуацияланды. Жыл басынан бері мобильді топтармен 280 рейд жүргізілді. Рейдтік іс-шаралар барысында жұмылдыру топтары өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жалпы соммасы 995 475 теңгеге 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы орайда, өңірде өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жалғасуда.

Дауылдағы сақтық шараларға байланысты өткен брифингте Түркістан облысының ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы А.Төлепбергенов тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

«Құрметті облыс тұрғындары және қонақтары, өрт қауіпсіздік ережелері бойынша ТЖД қызметкерлері тарапынан жүргізілген үгіт жұмыстарына құлақ асуларыңызды сұраймын. Сондай-ақ, табиғат аясында, яғни орманды алқапта демалыс кезінде, сіріңке мен темекі және сөндірілмеген шоқ қалдықтарын қалдыруға, шыны ыдыстарды құрғақ шөптің үстіне, күн сәулесіне қалдыруға, рұқсат етілмеген жерлерде от жағуға тыйым салынады. Тез тұтанатын жанармай өнімдері сіңген маталарды тастамауға, ауыл шаруашылығы алқаптарында ақауы бар техниканы пайдаланбауға кеңес беремін», — деді Асанғали Мәдиханұлы.

Спикердің сөзінше, облыс бойынша бірлескен мобильді топтар құрылған. Негізгі мақсаты — өрт қауіпті кезеңде жеке тұлғалардың болуын және көлік құралдарының мемлекеттік орман қоры аумағына кіруін шектеу. Рейдтік іс-шараларды жүзеге асыру.

Сонымен қатар, облыс аумағында «Орман, дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралар» жоспары бекітіліп, бірқатар іс-шаралар атқарылды. Одан бөлек, өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізілген.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕМ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ МЕН ОРТОПЕДТЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Next Post

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі