13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАНДА 20 ҚАБАТТЫ ҒИМАРАТ БОЙ КӨТЕРМЕК

16 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДА 20 ҚАБАТТЫ ҒИМАРАТ БОЙ КӨТЕРМЕК
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда дарынды балаларға арналған мектеп-интернат салынып жатыр. Нысан әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан. Білім ұясында өңірдің барлық ауыл-аймағынан жиналған үздік оқушылар мен аса білімді балалар тәлім алады. Құрылыс барысымен танысуға келген Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды қауіпсіздікті сақтауды басты талап етті. Жұмыстың сапасының ұдайы қатаң бақылауда болатынын айтты. Қасбетінің жобасымен танысып, жауаптыларға тапсырмалар берді.

— Мемлекетті дамытудың басты жолдарының бірі — адами капиталды арттыру. Бұл ретте сапалы білім беретін ордалардың маңызы айрықша. Түркістан шын мәнінде рухани орталыққа айналуы үшін білімді, мәдениетті жастар шоғырын тәрбиелеген жөн. «Дарын» мектеп-интернатына осындай міндет жүктеліп отыр. Сондықтан білім ошақтары барлық талапқа сай салынуы керек, — деді Д. Сатыбалды.

Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталмақ. Жұмыс барысында ең сапалы деген құрылыс материалдары пайдаланылуда. 200-ден астам құрылысшы жұмылдырылған. Келер жылдан бастап «Дарын» мектеп-интернатында 500 оқушы білім алады. Білім ұясының жанында 700 балаға арналған жатақхана құрылысы қатар жүріп жатыр. Ғимараттың жалпы аумағы 30 мың шаршы метрден асады. 5 га астам жерде орналасқан. Нысанның құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Оқу корпусында ішкі әрлеу, ішкі инженерлік желілерін жүргізіліп, шатыры жабылуда. Сыртқы инженерлік жүйелері жүргізілген.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көпқабатты тұрғын үйлердің және әкімшілік ғимараты бар 20 қабатты екі тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болды. Өзекті мәселелерді пысықтады. Заманауи кешеннің құрылысы шетел мамандарының атсалысуымен жүзеге асуда. Бизнес орталықтары бар биік ғимарат келер жылы пайдалануға берілмек. Құрылысқа 100-ден астам адам тартылған.

Previous Post

Түркістан:Әлеуметтік Кодекс жобасын түсіндіру үшін өңірлерге мобильді топтар жібереді

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ӘЛЕМ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ МЕН ОРТОПЕДТЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі