13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан:Әлеуметтік Кодекс жобасын түсіндіру үшін өңірлерге мобильді топтар жібереді

16 сентября, 2022
in Қоғам
0
Түркістан:Әлеуметтік Кодекс жобасын түсіндіру үшін өңірлерге мобильді топтар жібереді
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі арнайы мобильдік топтарды құрды, олар ағымдағы жылдың 19 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру үшін Қазақстанның өңірлеріне шығатын болады.

Мобильдік топтардың құрамына еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрлері, Еңбекмині еншілес ұйымдарының, Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық департаменттерінің, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалдарының, Мемлекеттік аннуитеттік компанияның, Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының басшылары және басқалар кірді.

Екі ай бойы мобильді топтар республиканың барлық 20 өңірін аралайды:

Абай облысы (Үржар, Аягөз, Бородулиха, Ақсуат аудандары және Курчатов қаласы);

Ақмола облысы (Бұланды, Астрахан, Шортанды, Ерейментау аудандары және Біржан сал ауданы);

Ақтөбе облысы (Алға, Мұғалжар, Қобда, Ойыл, Шалқар аудандары және Хромтау қаласы);

Алматы облысы (Кеген, Райымбек, Еңбекшіқазақ, Балқаш аудандары);

Атырау облысы (Қызылқоға, Құрманғазы, Жылыой, Исатай аудандары);

Шығыс Қазақстан облысы (Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Самар аудандары және Риддер қаласы);

Жамбыл облысы (Сарысу, Мойынқұм, Талас, Меркі және Шу аудандары);

Жетісу облысы (Алакөл, Сарқан, Кербұлақ, Панфилов аудандары);

Батыс Қазақстан облысы (Сырым, Қаратөбе, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандары және Орал қаласы);

Қарағанды облысы (Бұқар Жырау, Нұра, Қарқаралы аудандары, Шахтинск және Приозерск қалалары);

Қостанай облысы (Арқалық қаласы, Амангелді, Жангелді, Ұзынкөл аудандары);

Қызылорда облысы (Арал, Қазалы, Қармақшы аудандары және Байқоңыр қаласы);

Маңғыстау облысы (Бейнеу, Мұнайлы, Қарақия аудандары, Жаңаөзен және Ақтау қалалары);

Павлодар облысы (Май, Баянауыл, Ертіс, Железин аудандары);

Солтүстік Қазақстан облысы (Тимирязев, Уәлиханов, Аққайың аудандары және Шал ақын ауданы);

Түркістан облысы (Бәйдібек, Шардара, Келес, Қазығұрт, Созақ аудандары және Кентау қаласы);

Ұлытау облысы (Жаңаарқа, Қаражал, Ұлытау аудандары және Жезқазған қаласы);

Республикалық маңызы бар қалалар-Алматы, Нұрсұлтан (Астана?) және Шымкент.

Өңірлерді аралау барысында мобильдік топтардың мүшелері медициналық-әлеуметтік мекемелердегі Халықпен, жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен, жастармен, ұжымдармен және қамқорлықтағылармен кездесулер өткізеді.

Қазақстандықтарға отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру туралы айтылады.

 

 

Previous Post

ТҮРКІСТАН: Икемді жұмыспен қамту шарттары заңнамалық түрде бекітілді

Next Post

ТҮРКІСТАНДА 20 ҚАБАТТЫ ҒИМАРАТ БОЙ КӨТЕРМЕК

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі