13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: Икемді жұмыспен қамту шарттары заңнамалық түрде бекітілді

16 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: Икемді жұмыспен қамту шарттары заңнамалық түрде бекітілді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда Әлеуметтік кодекс жобасы шеңберінде халықты икемді және платформалық жұмыспен қамтудың жаңа түрлері үшін жағдайлар және жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау шаралары заңнамалық деңгейде қалыптастырылып, бекітілетін болады.

Әлеуметтік кодекстің жобасында халықтың жекелеген осал санаттарына жұмыспен қамтуға жәрдемдесу саясатынан барлық еңбекке қабілетті азаматтардың нәтижелі жұмыспен қамтылуы үшін тең бастапқы жағдайлар жасауға көшу көзделеді.

Бірінші. Платформалық жұмыспен қамтуды қоса алғанда, құқықтық өрісте жұмыспен қамтудың икемді нысандарын бекіту. Жұмыс берушілер тарапынан теріс пайдалануға жол бермеу мақсатында еңбекті ұйымдастырудың міндетті шарттары бекітілетін және жұмыспен қамтудың икемді нысандары үшін нысаналы топтар айқындалатын болады.

Екінші. Жұмыс сипатына қарамастан, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын толық қорғауды қамтамасыз ету, атап айтқанда, платформалық жұмыспен қамту, бірлескен жұмыс (бір жұмыс орнында жұмыс істейтін екі адам), жылжымалы кесте, төрт күндік жұмыс аптасы және басқалар.

Үшінші. Онлайн-платформалармен стандартты жария түрдегі шарт арқылы интернет-платформалар негізінде жұмыс істейтін адамдарды танудың және әлеуметтік аударымдардың (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына) болуын анықтаудың қарапайым рәсімін енгізу.

Төртінші. Табысқа салынатын төмендетілген салықтық жүктемені көздейтін біріккен төлемді енгізу есебінен салықтарды, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды төлеу тетігін барынша оңайлату ұсынылады. Бұл ретте бірыңғай жиынтық төлемді алып тастау да жоспарлануда.

Бесінші. Жұмыстан айырылу (жоғалған кірістің 40-тан 45%-ға дейін), жүктілік және босану кезінде кірістен айырылу (100%) тәуекелдері туындаған жағдайда қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төленетін жоғары төлемдермен қамту көзделеді, сондай-ақ бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдердің ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұлғаяды.

Аталған шаралар еңбек қатынастарын жеңілдетілген ресімдеу мен жаңа ынталандырулар есебінен енгізудің бірінші кезеңінің өзінде-ақ қызметін ресмилендіруге және кемінде 300 мың бейресми жұмыспен қамтылған адамды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Барлық осы жаңа енгізілімдердің мақсаты – еңбек ететін қазақстандықтарды әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне қосу арқылы оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету екенін атап өту қажет.

 

 

Previous Post

ШЫМКЕНТ ТАЗЫЛЫҒЫ БАРШАҒА ОРТАҚ!

Next Post

Түркістан:Әлеуметтік Кодекс жобасын түсіндіру үшін өңірлерге мобильді топтар жібереді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі