13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

ТҮРКІСТАНДА АБАЙ ҚАЛШАБЕКПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

16 сентября, 2022
in Мәдениет
0
ТҮРКІСТАНДА АБАЙ ҚАЛШАБЕКПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан төрінде белгілі ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, облыстық «Дарын» стипендиясының иегері Абай Қалшабектің шығармашылығына арналған «Әлемім менің шын көркем» атты әдеби кеш өтті. Жұмадағы кешкі кітапхана жобасы аясында «Фараб» кітапханасы ұйымдастырған шарада келушілер арнайы дайындалған көрмені тамашалады. Сондай-ақ «Томаға тұйықпын» кітабының таныстырылымы өтіп, «Тәубе» кітабының тұсауы шешілді.

Алдымен ақынның әкесі Батыр қажыға және Түркістан облыстық мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау бөлімінің бас маманы Нұрдәулет Сұлтанбекке алғашқы сөз кезегі беріліп, басқарма басшысы Әзімхан Қойлыбаевтың арнайы алғыс хаты мен сый-сыяпаты табысталды. Содан соң кітапхана директоры Жанат Шардарбекова кеш тізгінін алып, модератор болды. Анасы мен кішкентай Абайға арналған шағын көрініс кеш шымылдығын ашты.

Ақынның бауырлары құттықтау сөз сөйлеп, балалық шақтың естелігімен бөлісті. Әрі қарай ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Айдар Сейдәзім, түркітанушы, ғалым Зікірия Жандарбек, ақын, республикалық «Алтын қалам» иегері Дәурен Айманбет, белгілі журналист Төребек Байтас, жас ақын, ұстаз Санжар Ғұлама сөз кезегінде ақынның шығармашылығына тоқталып, ақ тілегін арнады.

Ал мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін оқып, афоризмдерін айтты. Ақынның аудармашы және тұлғатанушы қасиетін де оқырман тани түсті. Әдеби аялдамада «Томаға тұйықпын» кітабының әрбір бөліміне тоқталып, парасатты ойлар айтылды. «Тәубе» кітабының тұсауын ақын Айдар Сейдәзім мен ағасы Ақжол Қалшабек шешіп берді. Осылайша кітапхананың алтын қорына кемелдікке бастайтын ерекше шығарма енді.

Кеш барысында Рахымжан Оразалиевтің орындауында «Жақсы адамдарым» әні шырқалды. Залдағы оқырман қауым ақынға көкейде жүрген түрлі сұрақтар қойып, жауабын алды. Әдеби кездесудің өтуіне атсалысқан бір топ жас буынға кітапхана басшылығы атынан алғыс хатты ақынның өзі табыстады. Содан соң сегіз қырлы бір сырлы ақын Абайдың өзі сахнада өлең оқып, кешті қорытындылады. Шараға келушілер кітапқа қолтаңба алып, естелікке суретке түсті.

Previous Post

Түркістан облысында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тұрғындардың өтініштері қабылдануда

Next Post

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУДА ЕНГІЗІЛГЕН СЕРВИСТІК ТӘСІЛДЕР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі