13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУДА ЕНГІЗІЛГЕН СЕРВИСТІК ТӘСІЛДЕР

16 сентября, 2022
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУДА ЕНГІЗІЛГЕН СЕРВИСТІК ТӘСІЛДЕР
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда қоғамдық қауіпсіздікті сақтауда енгізілген сервистік тәсілдің тәжірибесі кең етек алды. Бүгінде статистикалық деректер толықтай жинақталды. Халық арасында сауалнама жүргізіліп, қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасалды. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында облыс әкімдігі жанынан құрылған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топпен атқарылған жұмыстар туралы баяндалды.

Талдау барысында, Түркістан қаласында соңғы 3 жылда (2019-2021) «Ұрлық» қылмысы төмендегені анықталған. Алайда қоғамдық орындар мен мейрамханаларда орын алған бұзақылық қылмысы артқан. Соңғы үш жылда кафелерге түскен шақыртулар саны зерттелді. Нәтижесінде Жедел басқару орталығына осы уақыт ішінде 400-ге жуық шақырту түскен. Қаладағы тамақтандыру орындарының жалпы саны — 200. Қауіпсіздік мәселелерін жою жөніндегі ұсынымдар әзірленді.

Бір жыл бұрын Түркістан облысының әкімдігінің жанынан қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрылған. Бұл топқа облыстың барлық құзырлы орган

өкілдері кірді. Жобалық топтың зерттеулер жүргізуі заманауи шетелдік аналитикалық құралының көмегімен жүзеге асырылады.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сервистік тәсілдің қолданыстағы модельден айырмашылығы — негізінен профилактикалық әдістерде, барлық мемлекеттік органдар мен қоғамның қауіпсіздік проблемаларын шешуде, құқық бұзушылықтарға емес, заңға бағынатын азаматтарға назар аудару басымдығында. Ведомствоаралық топ облыс әкімінің өкімімен мемлекеттік құрылымдар мен халық арасында тұрақты сенімді қарым-қатынас құру негізінде қауіпсіздік проблемаларын анықтау және шешу мақсатында құрылды.

Жалпы, полицияның сервистік моделін кеңейту құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті нығайту саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА АБАЙ ҚАЛШАБЕКПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Next Post

ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫНА 100 АСТАМ ҰСЫНЫС-ПІКІР ТҮСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі