13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тұрғындардың өтініштері қабылдануда

16 сентября, 2022
in Қоғам
0
Түркістан облысында «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тұрғындардың өтініштері қабылдануда
Share on FacebookShare on Twitter

Жоба «бір терезе» қағидаты бойынша әзірленген. Негізігі мақсаты – азаматтардың өтінішін қабылдау, сол бойынша кеңес беру, барлық мемлекеттік қызметті бір алаңнан көрсету. Әрбір тұрғын өзіне қажетті қызметті рәсімдеу, өтінішін ұсынып, тіркету, өзін қызықтырған сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін алуға мүмкіндігі бар. Қазір пилоттық жоба іске асырылып жатқан орталықтарда «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тұрғындардың өтініштері қабылдануда. Сондай-ақ жаңа жобаны дұрыс пайдалану үшін тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қуаныш Құрбанов, облыс әкімі аппараты өтініштердің қаралуын бақылау бөлімінің басшысы: — Мысалы үшін өтініштердің арасында арыз-шағымдардың ішінде азаматтар өздерін мемлекеттік қызметтер бойынша сұрағын өтініш ретінде тапсырып жатыр. Бұл негізі дұрыс емес. Осы жерде түсіндіріп өту қажет. Мемлекеттік қызметтерді сол жерде отырған ХҚКО мамандарына тапсыру керек. Ал жеке арыз-шағымды «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы тапсыру қажет. Пилоттық жоба мамыр айынан бастап Түркістан қаласы мен Отырар ауданында жүзеге асырылуда. Мамандар осы уақыт аралығында жоба өзінің тиімділігін көрсеткенін айтады. Алайда халық жүйені толық түсінгенше өтініш жазарда мамандардың кеңесіне құлақ түрген дұрыс дейді.

— Өтініш жазардың алдында қандай да болсын. 14-14 қызметіне хабарлассаңыз, олар сізге түсіндіріп айтады. Мысалы мынау мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жатады, сол бойынша мынадай тиісті орынға, осы электрондық үкімет парталы немесе халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгіне аласыз деп тиісті консультатциялық қызмет аласыз,- дейді облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев.

Түркістан қаласында жыл басынан бастап 15 мамырға дейін 24 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Ал 15 мамыр мен 15 қыркүйек аралығында 55 246 мемлекеттік қызмет көрсетіліпті. Яғни көрсетілетін қызметтердің саны екі есеге артқан.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ 13 МЫҢНАН АСТАМ АНА БАЛА ТУУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮТІМІ БОЙЫНША ЖӘРДЕМАҚЫНЫ ОНЛАЙН РӘСІМДЕГЕН

Next Post

ТҮРКІСТАНДА АБАЙ ҚАЛШАБЕКПЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі